spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

ҰБТ: Өндіріс Диас 128 балл жинады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҰБТ-ның бес күндік нәтижесіне сәйкес, Степногорск қаласы № 4 облыстық «Болашақ» метебінің түлегі Өндіріс Диас 128 балл жинады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

26 маусымда ҰБТ Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті мен Нұр-Сұлтан қаласы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте барлығы 270 түлектің  емтихан тапсыруы жоспарланып, оның 266 тест тапсырды.

 

Түлектерді тестілеуге кіргізу сәтінде Көкшетау қаласы №2 орта мектебінің оқушысынан телефон мен шпаргалка табылып, емтиханға кіргізілмеді. Сондай-ақ, дәл осы мектептің түлектерінің бірі науқастанып қалуына байланысты тестілеуге қатыса алмады. №1 орта мектебінде болған тестілеуге бір түлек себепсізден келмей қалса, №19 орта мектептегі тестілеу бекетінен ережені бұзған бір түлек шығарып жіберілді, – дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі Қуаныш Мұхамбетжанов.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы бес күнінде облыста тестілеуді тапсыруға ниет білдірген 3718 түлектің 1383-і яғни 37 пайызы тапсырды. Степногорск қаласының №4 «Болашақ» орта мектебінің түлегі Өндіріс Диас облыс бойынша ең жоғары 128 балл жинаған.

Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтуде. Тиісті мемлекеттік органдардың мәліметінше барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика