spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қаржылық сауаттылық: Сіздің атыңызға бөгде адамның кредитін ресімдесе не істеу керек?

Сондай-ақ...оқыңыз

Кредит алаяқтары пайдаланушылардың дербес деректерін қолды етуге мүмкіндік беретін түрлі схемалар ойлап табады және оларды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдаланады. Мәселен, сіздің атыңызға кредит ресімдеуі мүмкін.

Сіз алмаған кредит бойынша берешегіңіз туралы білсеңіз не істеу керек?

 Егер сіз жеке басын куәландыратын құжатыңызды қашан болсын жоғалтқан болсаңыз, алаяқтар ол бойынша кредит ресімдеуі мүмкін. Олар дербес деректерді қазір күрделі мәселе болудан қалған заманауи технологиялар – әлеуметтік инженерияның көмегімен де қолды ете алады. Сіздің атыңызға кредиттің заңсыз ресімделу фактісін уақтылы анықтауға кредит тарихы мүмкіндік береді. Өзіңіздің кредит тарихыңызды бақылап отыру – бұл алаяқтардан «сақтандырудың» өзінше бір түрі. Кредиттік бюроның деректер базасында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредит ұйымының барлық қарыз алушылары бойынша мәліметтер бар. Яғни егер сіз бір рет болсын кредит алсаңыз, онда кредит туралы, оның ішінде мерзімі кешіктірілгендері болса, ол туралы да ақпарат деректер базасында көрсетілген.

Сонымен не істейміз?

Бірінші кезекте қарыз ресімделген кредит ұйымының атауын біліп алу қажет. Егер бұл ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуіне кіретін болса жақсы. Мұны қаржы реттеушісінің сайтында «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінен тексеруге болады.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгіну қажет. Қолтаңба сараптамасы тағайындалатын болады, ол қарыз шартындағы алушының қолтаңбасы еместігін анықтайды.

Алаяқтар сіздің атыңызға қандай  кредит ұйымынан қарыз алғанын анықтай отырып, сіз осы ұйымға барлық қолда бар ақпаратты толық көрсете отырып өтініш жазуыңыз қажет. Төлем картасы немесе жеке басын куәландыратын құжат жоғалған жағдайда растайтын анықтаманы қоса беру қажет. Міндетті түрде ішкі қызметтік тексеру жүргізуді талап етіңіз. Сіздің өтінішіңізді тіркеуі қажет, өтінішті қабылдау күні жазылған тіркеу нөмірін өзіңізге қалдыратын өтініштің көшірмесіне де қою қажет.

Бұдан басқа кредит ұйымы шарттың, оның қосымшаларының  және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы тиіс. Сіз кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылауыңыз қажет.

Кредит ұйымы құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана аласыз.

Егер кредит кредитоматтарда ресімделген болса, онда оларда бейнекамералар орнатылған, ондағы жазбалар алушыны идентификаттауға көмектесе алады.

Егер бұл онлайн-қарыз болса, оны полиция IP арқылы қаскүнемдерді анықтай алады. Мұндай тәсілді бейтаныс адамдар ғана емес, сонымен бірге жақын туыстар, құрбылар, достар, сіз құжаттарыңыз бен банктік деректеріңізді сенген таныс адамдар да қолдануы мүмкін екенін атап өткеніміз дұрыс.

Егер кредит ұйымы сіздің жеке куәлігіңіз бойынша ақшаны алаяқтардың алғанына дәлелдер таппаса, онда тұрғылықты жеріңіз бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа арыз бересіз. Сот сіздің пайдаңызға шешім шығарған жағдайда, кредит ұйымы:

– сізден борышты төлеуді талап етуді тоқтатуы;

– берешекті есептен шығаруы;

– кредиттік бюроға бөгде адамның қарызы туралы ақпаратты сіздің кредит тарихыңыздан алып тастау туралы хат жіберуі тиіс.

Кредит есебін қайдан алуға болады?

Fingramota.kz егер сіздің атыңызда қазіргі уақытта кредит болмаса да немесе ешқашан кредит алмаған болсаңыз да кредиттік бюроға жүгініп, дербес кредит есебін мерзімді түрде алып тұруды ұсынады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img