spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Білім саласындағы мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік қызметшілер күні облыстағы білім саласында ықпалды қызмет атқарып жүрген сала мамандары марапатталды ,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Кәсіби құзыреттілігі, облыстағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі және кәсібіне адалдығы үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен құқықтық жұмыс және Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Степанова Наталья Сергеевна және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Токмурзина Айжан Дулатқызы  марапатталды.

«Облысымыздың қарқынды дамуы – Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!» – деді өз құттықтау сөзінде басқарма басшысы Б.Жүсіпов.

Қазіргі уақытта облыста 707 мемлекеттік орган жұмыс істейді, онда 5909 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Бүгінгі күні облыстағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бірін 29 жасқа дейінгі жас мамандар құрайды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика