spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: 22 маусымда ауа-райы қалай болады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 22 маусым күні құбылмалы күн райы сақталады.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ қатты ыстық Жамбыл, Түркістан облыстарында күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика