spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
13.4 C
Kokshetau

Шортандыдағы «сервистік әкімдікте» қызмет алуға қолайлы жағдай жасалынған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Шортанды ауданында кезекті «Сервистік әкімдік» ашылды. Іс-шара аудан әкімі Гайдар Қасенов пен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірхановтың қатысуымен өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Мемлекеттік органдар жұмысының сервистік моделінің негізгі қағидалары қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтер мен кеңестердің кең спектрін жедел көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетудің қолайлы жағдайлары болып табылады. Бұл формат әкімдік қызметкерлеріне азаматтармен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеуге, ал жергілікті тұрғындарға сапалы қызметтерді алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақытжан Әмірханов.

«Сервистік әкімдікте» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ыңғайлы күту залы, суға арналған диспенсер, ақпараттық бейнематериалдарды көрсетілетін теледидар, «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу бойынша консультациялық көмек көрсетуге арналған алаң қарастырылған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ыңғайлы жағдай жасалған.

Сондай-ақ, Шортанды ауданы әкімінің кабинеті ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Азаматтарды жеке қабылдау да осы жерде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев жергілікті атқарушы органның ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуге көз жеткізді. Ол бұрын осы ауданға жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізген.

Бүгінгі таңда облыста «Сервистік» форматта 13 әкімдік жұмыс істейді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика