spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Курорттық аймақтар: Брондалған отельдердің ақшасы қайтарыла ма?

Сондай-ақ...оқыңыз

Алдығымыздағы демалыс күндері 20-21 күндері Бурабай және басқа да ірі курортты аймақтар туристерді қабылдамайды. Туристердің брондап қойған ақшалары қайтарыла ма, демалыс аймағы кімдерге қызмет етеді? Бұл сұрақтарға Ақмола облысы  туризм ассоциациясының төрағасы Шынарбек Батырханов жауап берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Сонымен Бурабай, Қапшағай. Баянауыл куроттары уақытша жабылады. Бұл ведомствоаралық комиссияның шешімімен бекітілді. Бұл аймақтарда уақытша блок бекеттер қойылады.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында қонақ үйлер мен шипажайларында нөмір брондап қойғандар не істемек? Агенттік тілшісіне алдын ала жасалған төлем толықтай қайтарылмақ. Туристік нысандар сонымен қатар демалушылардың Бурабай аймағы ашылған кезде бронды басқа уақытқа ауыстыруға мүмкіндік берілмек.

Бурабай шипажайларыы мен демалыс орындарындағы адамдар уақыты аяқталғанға дейін демалысын жалғастыратын болады, – дейді ассоциация төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда туристік нысандар 1 маусымнан бастап жұмыстарына қайта кіріскен. Қазіргі таңда Бурабай демалушыларға лық толған. Өзін-өзі оқшаулаудан шаршаған халық карантин аяқталысымен демалуды жөн санапты. Дегенмен пандемия Бурабайдағы шетелдік туристердің қатарын азайтқан. Дегенмен, адамдар қалың қарағайлы жыныстың иммунитетті көтеруге таптырмас шипа екенін анық біледі.

-Қазір жүктелім жүз пайызға толған. Халықтың көп жиналуы бағаның да біршама түскенінен болып отыр. Туристік бизнес иелері алдын-ала брон жасағандарға немесе топталып келгендерге 10 пайыздан 30 пайызға дейін жеңілдік жасады, – деді ассоциация төрағасы.

Шынарбек Бүркітбайұлы, демалушылардың барлық санитарлық талаптарды сақтап отырғанын да мәлім етті.

Сонымен туристік маусым сәтті басталды. Мұнымен қоса бастапқыда қатаң талап етілген санитарлық шаралар едәуір жұмсарды. Мәселен, нысандарды толықтай босатуға рұқсат берді. Бетперделерді сатып алу демалушылардың өздері денсаулығына қаншалықты мән беруіне байланысты. Бұл үшін туристік нысандарда дәріханалық дүңгіршектер де ұйымдастырылыпты.

Емдеу мекемелері мен қонақжайларда барлық санитарлық қауіпсіздік ережелері сақталады. Яғни, әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу және дезинфекциялық өңдеу тұрақты жүргізіледі. Курорттық аймақты демалыс күндерінде жабылуы кәсіпкерлерді едәуір алаңдатқан. Енді олар Бурабай мен зеренді аймағын қашан ашатынын күтуіне тура келеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img