spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмолада тағы 15 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында соңғы тәулікте ғана коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 оқиғасы тіркелді. Дәл қазір облыста қауіпті дертке шалдыққандардың жалпы саны 242 адамға жетті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.

Вирусты жұқтырудың жаңа оқиғаларының 11-і Көкшетау қаласында, біреуі Жарқайың ауданында, 3 симптомды инфекцияға ұшырағандар Сандықтау ауданында, екеуі Каменка селосы және тағы бірі Преображенское селосынан анықталды.

Жұқпалы вирусқа ұшыраған 6 ер адамның алды  76 жаста болса, ең жасы  19-ға толған. Ал әйел  адамдардың  ең үлкені 87 жасқа толған кеюана болса,  ең жасы биыл ғана дүние есігін ашқан қыз бала болды. Он бес адамның сегізі осыған дейін вирус  жұқтырған  адамдармен жақын қатынаста болған. Қалған адамдар медициналы мекемелерге  өздері жүгінген адамдар , – деді  Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандық спортшы Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика