spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қанат Дүзелбаев: «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 35 жоба іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өткен үш жылда тұрғын үй кооммуналдық шаруашылығы мен білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларын дамытуға 22 миллиард теңге жұмсалды. Биылғы жылы да «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 7,7 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру – 1,2 млрд. теңгені құрап отыр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен «Ауыл ел бесігі» жобасын талқылау брифингінде Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев мәлімдеді.

Бүгінде өңірде бұған дейін іске қосылған мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижесін беріп, елдімекендердің әлеуметтік әл ауқаты мен инженерлік инфақұрылымын дамытуға септігін тигізді.

Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, бөлінген қаржының 47%-ы, яғни,10,3 милрд. теңгесі өңірді сумен жабдықтауға бағытталды.

Сонымен қатар Сандықтау, Еңбекшілдер және Целиноград аудандарында 4 мектеп пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа 1,8 милиард теңге жұмсалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2,4 млрд теңгеге 10 нысан салынып, аудан мен ауыл халқы игілігін көріп келеді.

Бұл  жобалар бірінші кезекте экономикалық өсу нүктелері ретінде өңірдің 590  ауылын жоспарлы түрде қамтуға, елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына жеткізуге мүмкіндік береді. Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік және қоғамдық нысандарға минималды қол жетімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Осылайша, ағымдағы жылда жоба аясында ауылдық елді мекендерде 1954 жұмыс орны құрылады,- дейді  Қанат Дүзелбаев.

2019 жылдан бастап «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы іске қосылды. Бұл бағдарлама да ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін, әсіресе, шалғай ауылдардың мәдениеті мен спорт саласын, жылу жарық, автомобиль жолдары, ауыз су және ауыл аймақты абаттандыруға бағытталған жоба.

Облыс бойынша 2019 жылы  «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өңірде 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ақмола өңірінде 208 болашағы бар елді мекен анықталып, аталмыш елді мекендерде бұрын соңды болмаған кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы да осы бағдарлама аясында барлығы 35 ірі жоба іске асырылмақ.

Бүгінде аудандардағы жобаларды жүзеге асыруға байқау жарияланып, құрылыс компаниялармен келісім шарт жасалып, кейбір аймақтарда жұмыстар қызу басталып кеткен.

Қазіргі таңда аймақтарда асфальт төсеу, көшелерге жол салу жұмыстары  басталды. Тротуарларды жөндеу, күн батареялары бар көше шамдарын, автобус аялдамаларын, көше белгілерін орнату сияқты шаруалар қолға алынды.

Сандықтау ауданындағы аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге 537 миллион теңге бөлінген.

Атап айтқанда «Ауыл ел бесігі» аясында 7 жоба білім саласына, 3 жоба мәдениет, 3 спорт салаларын жаңғыртуға арналған.

Сонымен қатар 11 ауылдың жолдарын орташа жөндеуге 17 жоба әзірленген.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img