spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32 C
Kokshetau

Бурабай ауданында найзағайдан от тұтанып, орман алқабы өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормандарының бірінде найзағайдан өрт шығып орман өртенді. Салдарынан 0,08 гектар шамасындағы жасыл желек зардап шеккен,- деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Найзағайдан тұтанған тілсіз жаудан 0,08 гектар орман алқабын өрт шалған.

Бүгін 2020 жылдың 13 маусымында сағат 11.01-шамасында өрт сөндіру бөліміне телефон хабарламасы түсті. Тұтанған Жасыл ауылынан бес шақырым қашықтықтағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында орналасқан Жалайыр орман шаруашылығының 24 кварталында 0,08 гектар орман алқабы өртенді. Щучинск қаласының өрт сөндіруші бөлімінің отряды мен ұлттық парк қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр. Тұтанған орманный айналасын қазылып, өрттің одан әрі жайылып басқа жасыл желекті жалмап кетпеуі барынша бөгет жасалып жатыр. Орман алқабына найзағай түсіп, соның салдарынан бірден тұтанғаны болып шықты.. Оны орман ішінде ағаштардың біріне найзағайдан түскен күйген сызықтардан байқадық. Өрт күндізгі 11.-25-те ауыздықталды. Абырой болғанда ешқандай зардап шеккендер болмады. Шығын келтірілген жоқ, – дейді Бурабай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, – Қанат Бабаев.

Орман алқабындағы ірі өртті сөндіруге «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 12 қызметкері мен үш техника бірлігі, Жалайыр орман шаруашылығының қорықшылары мен Бурабай аудандық өрт сөндіру бөлімінің 15 қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта орман өрті толықтай сөндірілді, – деді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика