spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жұмысқа тұруға шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы  іске асырылуда. Бұл бағдарламаның бір бағыты тұрғындарды жұмысқа тұрғызып, өңірдегі жұмыссыздық деңдейін төмендетуді көздейді. Сол себепті жергілікті тұрғындарды жұмысқа тұруға шақырады. Бұл туралы облыс әкімдігінің инстаграм парақшасында жарияланды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бағдарлама халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленді және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.
2020 жылы Бағдарлама 53 жобаны қамтуды жоспарлап отыр:

1. құрылыс – 10 жоба;
2. күрделі жөндеу-14 жоба;
3. ағымдағы жөндеу-25 жоба;
4. қайта құру – 4 жоба.
Бұл объектілерде 3 022 жұмыс орны құрылады, оның 1 501-і Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы. Айта кету керек, жаңа жұмыс орындарын құру жобаларды іске асыру кезеңінде уақытша жұмыспен қамтумен қатар, тұрақты жұмыс орындарын ашуды да қамтиды.
Бағдарламаның талаптары мен шарттары бойынша жалақы кемінде 2 ЕТЖ немесе 85 000 теңгені құрайтын болады.
Жұмыс іздеп жүрген тұлғалар, жұмыссыздар, сондай-ақ жастар, осы жобаларға жұмысқа орналасқысы келетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінулеріңізді сұраймыз, мекенжайымыз: Сүлейменов к-сі, 23/1 («Звоночек» аялдамасы), тел. 90-10-35, 90-10-36. Түйіндемені сz_kokshetau@mail.kz эл. поштасына жіберулеріңізге болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img