spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32 C
Kokshetau

Көкшетаудағы балалар тіс емханасында балғындар үшін бар жағдай жасалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы  жаңадан ашылған «Dent Smile» жеке меншік балалар тіс емханасында  балалардің тісін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан арнайы шақырылған тіс дәрігерлері емдейді, әрі емдеу құны Елордадағы бағадан 30 пайызға төмен,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың нысандарды аралау жұмысы кезінде белгілі болды. Балалар тіс емханасының тынысымен танысқан өңір басшысы тіс дәрігерлері мен ондағы барша қызметкерлерге сәттілік тіледі.

–Бұл біздің өңірде тек балалардың тісін емдеуге мамандандырылған тұңғыш жоба. Жан-жақты қолдау негізінде өте керекті және пайдалы бизнес қалыптасты. Істеріңізге сәттілік тілеймін! Бірақ, сіздерден жауапкершілік пен сапалы жұмыс қана күтеміз, – деп атап өтті облыс әкімі әңгіме барысында.

Балалар емханасында 5 кабинет қазіргі заманғы техникамен жарақтандырылдған. Балғындар үшін төбеге теледидар орнатылған. Тағы бір жаңашылдық – мұнда тіс «Севоран» газымен емделеді.

Жоба «Даму» бағдарламасы аясында және әкімдіктің қолдауымен іске асырылып отыр. Ондағы құрал-жабдықтардың құны 120 миллион теңгенің шамасында.

Балғындар қай тісінің ауырып тұрғанын айта алмайды. Олар жылайды, ал, көп ретте ата-анасы оның себебін түсінбей әлек болады. Ата-аналардың көпшілігі сондықтан, елордалық стоматологтардың көмегіне жүгініп жатады. Біз осы мәселені шешуді қолға алдық. Дені сау ұрпақ – елдің болашағы,–дейді балалардың тіс дәрігері Ғалия Ескендірова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика