spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Айнагүл Мусина: Бұқаралық шараларды өткізуге рұқсат жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы аумағында коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режиміндегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болған. Дегенмен, карантин режимі басылар-басылмастан тұрғындары қарапайым сақтық ережелерін сақтауды ұмытқан. Бұл қауіпті ауруды жұқтырғандардың санын бірден арттырды. Тек өткен аптада ғана Ақмола облысында 21 оқиға тіркелді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті. Бас санитар дәрігердің мәліметінше өңірде тек мамыр айында ғана 60 адамнан коронавирус инфекциясының жұғуы расталған.

Вирусты жұқтыру статистикасы пандемияның әлі азамай тұрғанын көрсетті. Егер осыған дейін вирусты жұқтыру ошақтары тек Елорданың іргесіндегі Аршалы және Целиноград аудандарында тіркелсе, осы аптада Қорғалжын, Ерейментау және бүгін Зеренді ауданында тіркелді. Рамазан айында бұқаралық және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынса да, халық карантин шараларын сақтамады. Бұл отбасылық ошақта 15 адамнан астам адамның вирусты жұқтыруына әкеліп соқты. Мен өңірдің бас санитар дәрігері ретінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың ушығуын болдырмас үшін жауапты тұлға ретінде әлеуметтік желілерде бұқаралық шаралар мен митингілерге шақыруға жол бермеу қажет деп санаймын. Егер аталған жиындар адамдардың вирус жұқтыруына әкеліп соқса, шараны ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. , – деді Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img