spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Степногорлық кәсіпкерлер «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» өнім жеткізуді ұйымдастырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласының 4 кәсіпкері бірігіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асыра бастады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Кәсіпкерлер өз өнімдерін өндіріп қана қоймай, еш делдалсыз тұтынушыға сатуды қолға алыпты.  Жоба қатысушыларының бірі Өмірзақ Өтелов былтыр Степногорск қаласында өткен «Бастау» бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен.

 Курс аяқталған соң бірден қаржылай қолдау қорынан 3,5 миллион теңге несие алып, жүк тасуға арналған «Газель» көлігін сатып алдым. Ал осы көктемде өзінің бауырлары Андакуловтар және «Олжас» шаруа қожалығымен бірлесіп көкөніс өсіруге кірістік. Жобаны жүзеге асыру бізге аса көп қиындық тудырмады. Өйткені, Абдурахим 2018 жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша арнайы оқудан өткен. Ал Бахромның қаланың сауда орталықтарында үш сату нүктелері бар. Ал «Олжас» шаруа қожалығы жер учаскесі мен техникасын ұсынып қана қоймай, көкөністерді суару үшін су ұңғымасын да қазып береді, – дейді Өмірзақ Өтелов.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер 3,5 мың гектар жерге картоп отырғызып, 0,5 гектарға сәбіз бен қызылша екпек.

Кәсіпкерлерге бизнес жасау идеясын өңірлік кәсіпкерлер палатасында беріпті.

 

Мұндай ұйымдық құрылым оның барлық қатысушыларына өз өнімдерін ешқандай делдалсыз сатуға, түрлі нарықтық жағдаяттардан тәуелсіз болуға, өнім құнын оңтайландырып, бизнеске төнетін қауіп-қатерлерді барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жергілікті тұрғындарға да үлкен көмек. Бір жағынан экологиялық таза өнім алса, екіншіден «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» бағасы көтерілмеген күйі сатып алады, – «Атамекен» ҰКП Степногорск қалалық филиалының директоры Олжас Баймақов.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоғарыдағы жобаны кооперациялық тізбекте дамытудың пилоттық жобасын іске қосуды тапсырған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img