spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Президент мақаласы жаңа міндеттерді жүктейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарат Кемелұлының мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамының бүгінгі күн тәртібіндегі тұрған көкейтесті мәселелерінің шешілуіне аса көңіл бөлу керектігін Үкіметке айқындап, нақтылы тапсырмалар бергені, халықтың көңілінен шықты-ау деп санаймын. Өйткені,  ел экономикасын көтеруге, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандар дайындауға қол жеткізу үшін, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар тапшылығы сезінеді. Жоғары білікті маман дайындау үшін,  ең алдымен, ҚР ЖОО, университеттердің,  зертханалардың материалдық базасын шетелдің озық, заманауи технологияларымен жабдықтап,  жаңарту  қажет. Сондай-ақ,  ұстаздар мен профессор-оқытушы құрамын сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы тағылымдамалардан өткізуді қолға алу; білім беру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ұжымдардың  жылдам серпілісте даму қажеттілігі анықталды.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті басшылығы және ұжымы Президенттің жоғарыда айтылған тапсырмалары мен бекітілген іс-шараларын қызу қабылдап, оны іске асыруға және әрі қарай дамыту үшін  кірісті.

Осы орайда, қос дипломды білім беру бағдарламасы шеңберінде Еуропа, Ресей ЖОО-мен жасалынған келісімшарттар арқылы алғашқы студенттеріміз білім алуда, әрине, екі ЖОО білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру және қос дипломдық жобаны игеруге өтініш берген студенттер саны бүгінде аз, дегенмен де оны әрі қарай дамыту және университет бюджетінен қаржыландыру жоспарымызда бар.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде үстіміздегі жылы университетке дәріс оқу үшін шетелдік профессорлар жиі шақырылды, бірақ, өкінішке орай, біздің профессорларымыздың  ағылшын тілін жетік меңгермеуі салдарынан шетелдік әріптестеріміз тарапынан мұндай шақыруларға сұраныс болмай отыр.

Екіншіден, Мемлекет Басшысы ЖОО оқытушы-профессорлық құрамының жалақысын көбейтуді де ерекше атап өтті.  Бұл өте қуанышты хабар, өйткені ұстаздың еңбегі жоғары бағаланған жағдайда ғана,  ол ұстаздан білім сапасын көтеруді талап ету мүмкіндігі туады. Ол үшін мемлекеттік грант құнын көтеру, ақылы бөлімде білім алушылардың жылдық төлем ақысын заңды түрде көтеруді қарастырған дұрыс болар деген ойдамын. Жалпы кешегі ел Президенті Қасым-Жомарат Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында көтерілген барлық мәселелер ауқымды және өзекті болып табылады, соған орай қазақстандықтардың, әсіресе, ұстаздар қауымының  көңілінен шығып, жүректеріне үміт ұялатып отыр.

Мемлекет Басшысының алдымызға қойып отырған осы міндеттерін елмен қатар бірлесе көтеріп, сапалы іске асырылуына атсалысайық, ағайын!

Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ проректоры

Темірхан Жарқынбеков.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img