spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай толық бақылауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында бірнеше қызмет түрлері бойынша шектеулердің алынуына байланысты 46 мыңнан астам адам жұмысқа шықты. Олардың 21 мыңнан астамы көктемгі егіс жұмыстарына кіріскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Облыс әкімінің айтуынша, карантин шектеулері көктемгі егіс науқанын өткізуге кедергі  болмаған. Мемлекеттің қолдауы арқасында барлық жоспарланған жұмыстар өз уақытында аяқталған. Аграрлық серіктестіктер қажетті санитарлық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиісті міндеттерді жүзеге асырған.

Дағдарысқа қарсы шараларды орындау шеңберінде мемлекетпен төтенше жағдай кезінде ірі шаралар өткізілді. «Біргеміз» акциясымен 8 мыңнан астам ақмолалыққа 400 миллион теңгеден астам сомаға көмек берілген. Олардың әрқайсысының есепшотына 50 мың теңгеден аударылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен бизнес субъектілері мен қарапайым азаматтарға ерекше қолдау көрсетілуде. 42 500 теңге мөлшеріндегі материалдық көмекті 167 мың ақмолалық алып, жалпы сомасы 7,1  миллиард теңге қаражат берілген..

-Коронавирус пандемиясының таралуы кезінде тұрғындар мен ұйымдар үшін қажетті өнім өндірісін жолға қоя білген кәсіпорындарға ерекше алғыс білдіремін. Осындай қиын кезеңде көп балалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, мүгедек адамдарға көмек көрсетуді жалғастырып келген барлық өндіріс орындарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңірде алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін де қыруар шаруа жасалып, одан әрі жалғасын табуда.

Өңірде 7 сәуірде болған қатты дауылдың салдарынан жүздеген нысандар қирап, екі адам ажал құшты. Қалпына  келтіру жұмыстарын жасау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмыстар жалғасуда.

Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде нысандарды күрделі жөндеу, жаңа үйлерді пайдалануға беру одан әрі жүзеге асуда. Тек биыл ғана аталған бағдарлама бойынша  45 миллиард теңгеге  232 жаңа жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары пайда болған..

Ата-аналарға жағдай жасау мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекші топтар жұмысына рұқсат етілді. Қазіргі таңда осындай 699 топ жұмыс істееп, онда 12 мыңнан астам балалар қатынауда.

Бүгінгі таңда аса қиын жағдайда ауру ошақтарында қызметін жалғастырған медициналық қызметкерлер мен дәрігерлерге алғыс білдіріп, оларға шыдамдылық пен денсаулық тілеймін. Олардың зор еңбегінің арқасында жерлестеріміз қауіпті науқастан емделіп шықты. Облыстық туберкулез диспансері, Аршалы аудандық ауруханасы және басқа да медициналық мекемелердің дәрігерлері мен медициналық  қызметкерлердің жасаған ізгі істерін ерлікке пара-пар. Мәселен «Шапағат» медциналық-әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде науқастардың жасы ұлғайған болса да, дәрігерлердің ерекше еңбегінің арқасында науқастардың жазылып шыққанының куәсі болдық, – деді облыс әкімі

Облыс әкімінің айтуынша алдағы эпидемиологиялық жағдай халықтың және кәсіпорындардың санитарлық шараларды мұқият сақтауына тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, облыс әкімі тиісті қызметтерден, аудан әкімдеріне халықты түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, санитарлық талаптардың сақталуына  назар аударылуын тапсырды. Өңірдің әрбір тұрғыны бұл аса маңызды кезеңде жауапкершілікпен қарауы тиіс. Санитарлық нормалар орындалмаған жағдайда карантин қайтадан орнауы мүмкін.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img