spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысы аудандарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 35 жоба іске асырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде биыл да аудандар мен шалғай елдімекендердегі әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіруге бағытталған мемлекеттік бағдарлама «Ауыл-ел бесігі» жобасы жалғасып жатыр,-деп хабарлайды Aqmola News.

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жобалау басқармасының мәліметінше, 2020 жылы білім беру саласы бойынша  – 7 жоба,  денсаулық сақтау – 1, мәдениет – 3, спорт – 3, ТҮКШ – 4 және жолдарға қатысты  17 жоба іске асырылады.

 Биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 7,7 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру – 1,2 млрд. теңгені құрап отыр.

 

  • Бұл шара бірінші кезекте экономикалық өсу нүктелері ретінде 110 тірек ауылды жоспарлы түрде қамтуға, елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына жеткізуге мүмкіндік береді. Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік және қоғамдық нысандарға минималды қол жетімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Осылайша, ағымдағы жылда жоба аясында 10 өңірде 12 ауылдық елді мекенде 1954 жұмыс орны құрылады,- дейді Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев.

 Былтырғы жылы осы бағдарлама аясында 19 жоба қолға алынып, 4,7 милиард теңге бөлінген еді.

Облыс бойынша 2019 жылы  «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өңірде 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ақмола өңірінде 208 болашағы бар елді мекен анықталып, аталмыш елді мекендерде бұрын соңды болмаған кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдағы қараша халықтың еңсесін тіктеп, жол, жылу, ауыз су мәселелерін шешуге бағытталған бағдарлама аясында биыл да кешенді жұмыстар жоспары бекітілген.

Бүгінде аудандардағы жобаларды жүзеге асыруға байқау жарияланып, құрылыс компаниялармен келісім шарт жасалып, кейбір аймақтарда жұмыстар қызу басталып кеткен.

Қазіргі таңда аймақтарда асфальт төсеу, көшелерге жол салу жұмыстары  басталды. Тротуарларды жөндеу, күн батареялары бар көше шамдарын, автобус аялдамаларын, көше белгілерін орнату сияқты шаруалар қолға алынды.

Мәселен,  Шортанды ауданында  6 жоба әзірленіп, бұл мақсатқа 824,6 миллион теңге бағытталған.

Қазіргі таңда Шортанды №1,2  және №3 орта мектептеріне, сондай-ақ «Ақ бота» және «Балдәурен» балабақшаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде.

Сонымен қатар бұл бағдарламалар төңерегінде аудан стадионы, демалыс алаңдары мен жолдары абаттандырылатын болады.

КрасноЯр селосында да аяқталуы келесі жылға жоспарланған жылумен қамту желілерінің құрылысы басталған.  Осы бағдарлама төңірегінде 2021 жылы жүзеге асырылатын жоба тағы 110 Красноярлық отбасыларды орталықтандырылған жылуға қосуға мүмкіндік бермек.

Ал Бурабай ауданында жылыту қазандықтары мен жылу желілерін жөндейтін 20 нысанға 2,1 миллиард теңге бөлінген. Мұнда Бурабай кентіндегі тозығы жеткен қазандықты кеңейтуді қажет ететін нысанды қалыпқа келтіру жұмысы қызған.

Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 590 ауылдық елді мекеннің ішінен 110 тірек ауылдар мен  3 қала маңындағы ауылдардарда қызу жұмыстар басталды.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img