spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда мұқтаж отбасыға пәтер берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Көкшетауда жақсылықтың жарасым тапқан ізгілік шарасы орын алды. Осы күні Науан хазірет мешіті мен «Зекет» қорының бірлесуімен «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында төрт бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға Красный яр кентінен екі бөлмелі пәтердің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» «Науан хазірет атындағы облыстық мешіттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың бас имамы Қуаныш Сәбиттің айтуынша, аталған жоба бойынша елімізде 205-інші, ал, Ақмола облысында он бірінші пәтер мұқтаж отбасыларға табыс етіліп отыр.
Негізі, бұл бастама осыдан бірер жыл бұрын осы Көкшетау қаласында бастау алып, Мүфтияттың қайырымдылық жобасына айналған еді.
Осы ораза айында тағы екі үй – Көкшетау және Атбасар қалаларында берілгелі отыр екен. Демек, тағы екі отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.
Пәтер беру рәсіміне зиялы қауым және дін өкілдері қатысты. Қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев және Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев құттықтау сөздерінде адамзатқа келген індеттің қатері сейілмей тұрған кезде мешіттердің осындай қайырымдылық іске көбірек назар аударып отырғандарына өз ризашылықтарын білдірді. Осының арқасында қиындық көріп жүрген бір отбасы жайлы пәтерге ие болды. Жаны жүдеу жандар жанашырлықтың шуағын сезініп, маңайындағы қайырымды адамдар далаға тастамайтынына куә болды деді олар.
Төрт баласын жетектеп, үйдің қиындығын бір басынан өткерген жалғыз басты ана Гүлнәр Қасымованың жанарында қуаныштың жасы тұрды. Осы жобаға үлес қосқан барлық қайырымды жандарға аналық ақ алғысын жолдады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img