Ақмола облысының тау кен өнеркәсібіндегі ірі компаниялардың бірі «Қазақалтын» компаниясы 1 миллионнан аса маска мен 20 мың дана антисептикті тегін тарату бойынша акция жариялап, Ақсу кенті мен Бестөбе және Жолымбет ауылдарының тұрғындары маска мен антисептиктер алды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агеттігі.
Бұл туралы алдын ала хабарландыру «Қазақалтын ТМК» АҚ және «Қазақалтын Technology» ЖШС-нің ресми сайттарында жарияланды.
Кенттердегі тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігін және өндіріс жұмысындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, аурудың алу шаралары шеңберінде карантиндік кезеңінде кент тұрғындарының барлығына жеке қорғаныс құралдарын тегін тараттық. Маскалар мен антисептиктер 14-18 мамыр аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үйді аралау әдісімен еріктілер үлестірді. Біздің жасаған көмегіміз аз да болса пандемия кезеңінен елімізді сәтті өтуге ықпалын тигізеді деп үміттенеміз,-дейді Қазақалтын ТМК» АҚ Бас директоры Баламир Маханов.
«Қазақалтын» елдегі алтын өндіретін және өңдейтін ең көне кәсіпорын.
Ол Ақмола облысының тау-кен өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның құрамында «Ақсу», «Бестөбе» және «Жолымбет» кен орындары мен байыту фабрикалары бар.
Степногорск қаласының эконономикалық-әлеуметтік жағдайындағы маңызы зор кәсіпорын Covid-19 коронавирус инфекциясының алдын алу ісінде мемлекеттік органдарға қолдау көрсетуде.
Компания жыл соңына дейін басқа да қайырымдылық акцияларды өткізуді жоспарлап отыр.
Кәсіпорын Төтенше жағдай уақытында аймақтағы медицина мамандарына қорғаныс құралдарын тегін берді. Оларды тасымалдап, блок-бекеттерде кезекшілік атқарғандарды ыстық тамақтармен қамтамасыз етуді мойнына алды. Сонымен қатар 200-ден аса аз қамтылған отбасын азық-түлікпен және антисептиктермен қамтамасыз етті. Мұндай қайырымдылық шаралары 7 жыл бойы жалғасады,-дейді «Қазақалтын» компаниясының әкімшілік директоры Айдана Әлімова.
Айта кетейік, бүгінде компанияда 4 мыңнан аса жұмысшы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Майра Қуанышқызы