spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.1 C
Kokshetau

Тарифтер 10 пайызға төмендетілгендігі себепті сәуір айында ақмолалықтардың 72,1 миллион теңгесі үнемделді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Жалғасбаев карантин кезіндегі коммуналдық қызметтеріне төмендетілген тарифтер туралы айтып берді,-деп хабарлайды Aqmola News.

Брифингте спикер 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген ТЖ кезінде тұрғындар үшін сумен жабдықтау, кәріз жолдары, жылумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтерге тарифтердің 10 пайызға төмендетілгенін атап өтті.

Соның нәтижесінде  сәуір айында  ақмолалықтардың 72,1 миллион теңгесі үнемделіп, өз қалтасында қалды,-деді спикер.

Бұл ретте, айта кету керек, уақытша шаралар кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері қозғалған жоқ, тек тарифтің төмендеуі бюджеттік ұйымдар есебінен орындалды.

 Сонымен,  «Көкшетау жылу»  жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 1 Гкал үшін 1 907,05 теңгеден 1716,35 теңгеге , ал, «Көкшетау Су Арнасы» сумен жабдықтау тарифі 1 м3 үшін 70,55 теңгеден 63,50 теңгеге  дейін төмендеткен.

«Көкшетау энерго орталығы»  болса,  электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифі 1 кВт үшін 13,94 теңгеден 12,55 теңгеге түсірген.

Сонымен қатар карантин уақытында коммуналдық қызметтерге белгіленген тарифтер Степногорск қаласы мен өңірдің басқа да аудандарында төмендетілді.

ТЖ режимі кезінде табиғи монополия субъектілеріне COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты барлық коммуналдық қызметтердің тұтынушыларына жауапкершілік пен айыппұл шараларын қолданбауды және коммуналдық қызметтер ақысын төлемеген тұтынушылардан қызметтерді ағытпау туралы ұсыныстар берілді. Зардап шеккен кәсіпкерлер субъектісі үшін 2020 жылдың 1 мамырына дейін тапсыратын есептерінің мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды,-дейді Нұрлан Жалғасбаев.

Спикер сөз соңында әрі қарай да департамент табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуін қадағалап,  тарифтерді белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етіп,  әлеуметтік маңызы бар қызметтерге бағаның негізсіз өсуін болдырмауға қатысты  күресті күшейту жұмыстарының жалғасатындығын жеткізді.

Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика