Қашықтықтан оқытуға көшу тестілеуге еш әсер етпейді. Бүгінде Ұлттық тестілеу орталығы дайындық тесттерін дайындаған. Мектеп бітірушілердің сайтқа тегін кіру мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, тестілеуде биылғы оқу жылының ІV тоқсан тақырыптары қамтылмайды. Бұл ҚР Білім және ғылым Министрлігінің шешімі. Түлектердің және педагогтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін күшейту мақсатында санитарлық нормалар күшейтіледі. Ал карантин шаралары ұзартылған жағдайда министрлік ҰБТ өткізудің баламалы нұсқасын дайындайтын болады.
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеудің сегіз пункті жұмыс істейді. Олар Көкшетау, Щучье, Атбасар, Есіл, Степногорск, Ақкөл, Ерейментау қалаларында және Астраханка ауылында орналасқан. Осы пункттердің басшылары тестілеуді тапсыру орындарын нұсқаулық талаптарына сәйкес келтіру қажет. Бұл аудиторияларды дайындау, бейнебақылау өткізу, ұялы байланыс сигналдарын басу жүйелерінің жұмысы.
Жалпы, биыл Ақмола облысында 4523 түлектің 3700-ден астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.
Ақерке Бытышева