spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Көкшетауда консультациялық-диагностикалық емхана 11 мамырдан бастап емделушілерді қабылдай бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының көп бейінді облыстық ауруханасы жанындағы консультациялық-диагностикалық емхана 2020 жылдың 11 мамырынан бастап емделушілерді қабылдай бастайды. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай әлі де болса күрделі болғандықтан, емделушілерді қабылдау учаскелік дәрігерлер арқылы алдын ала жазылу немесе 8 (7162 ) 72- 10- 66 және 8 (7162 ) 72- 10- 52 телефондары бойынша ақылы негізде жүргізілетін болады.

Дегенмен, консультациялық-диагностикалық емханаға барған кезде медициналық маска кию тиіс. Барлық емделушілер емханаға кіру кезінде жылуға ден қою көмегімен дене қызуы міндетті түрде өлшенеді. Егер келушінің дене қызуы көтерілгені анықталған жағдайда ол тұрғылықты жері бойынша емханадағы учаскелік терапевт дәрігеріне жіберіледі. Егер Сізде жоғары температура, суық тию белгілері байқалса үйде болып, учаскелік дәрігерді шақыртуыңыз қажет, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика