spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
14.3 C
Kokshetau

«Көкшетау минералды сулары» полицейлерге қызметтік автокөлік сыйлады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Көкшетау минералды сулары» көкшетаулық полицейлерге қызметтік автокөлік сыйлады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиц ия департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты түрде полиция басқармасының мәжіліс залында өткен шараға полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арманбек Баймурзин мен Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі төтенше жағдай режимі кезінде полиция медицина қызметкерлерімен қатар коронавирус пандемиясының алдын алуда күрделі міндетті атқарып жатқанын атап өтті.

Ал, «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец полиция қызметкерлеріне облыс орталығы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметі үшін алғысын білдірді.

Мен бұл автокөліктің біздің полицияның қызметтік міндеттерін орындауға көмектесіп, әсіресе осындай карантин режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдімін, – деді Станислав Максимец.

Толығымен заманауи түрде жабдықталған автокөлік полиция басқармасының кезекшілік бөліміне тапсырылды. Жаңа көлік түскен шақырулар бойынша жедел тергеу тобының оқиғалар мен қылмыстарды анықтау үшін қолданылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика