Ақмола облысының COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің балаларына ата-аналарының еңбегі үшін ноутбуктер сыйға тартылды, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Ұлттық волонтерлер желісі Астана медициналық университеті студенттері және Назарбаев университеті әлеуметтік даму қоры медициналық қызметкерлерімен бірлесіп, қашықтан оқуға қажет болғанда үйлерінде компьютерлері жоқ медицина қызметкерлерінің балаларына көмек беруге шешім қабылдаған. Қор мен волонтерлер Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Талдықорған және Ақтөбе қаласының медицина қызметкерлеріне 100 ноутбук сатып алған. Ақмолалық медицина қызметкерлерінің балаларына 14 ноутбук сыйға тартылды Негізінен коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе онымен жақын қатынаста болған адамдармен тікелей жұмыс істеген қалалық емханалардың мейірбикелері, инфекциялық бөлімдердің мейірбикелері мен санитарларына, сондай-ақ блок-бекеттерде қызмет еткен дәрігерлерге берілді.
Негізгі басымдық мектеп жасындағы баласының болуына және қашықтан оқуға мүмкіндік беру үшін компьютерлері жоқ отбасыларға берілді. Әсіресе көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен, жалғызбасты аналарды назарға алдық. Біз ұйымдастырушыларға тізімдерді жолдап, олар бақытты жандарды өздері анықтады, – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Бишораева.
Көкшетауда ұлттық волонтерлер желісінің сыйлықтарын «Жизненный путь» қоғамдық қоры табыс етті.
Біз бүгін қаланың әр түкпірінде тұратын отбасылардың үйлерінде болып, балалардың қуанышқа толы жүздерін көрдік. Әрине, біз балалардың жақсы оқып, болашақта аналарының сенімді тірегі болуына тілектестігімізді білдірдік, – дейді қордың атқарушы директоры Анар Батыралиева