spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада су тасқыны басылып құтқарушылар кері қайтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Су тасқынының қарқыны басылып, құтқарушылар кері қайтарыла бастады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолада су тасқыны қаупі басым аудандарға қосымша күш жұмылдыру туралы шешім осы жылдың наурыздың басында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен қабылданған. Өңірдің төрт ауданына су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастыру үшін 142 құтқарушы жолданған.

-Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңінде апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үлкен күш жұмылдырды. Атап айтқанда, 2410 адам, 1058 техника, 60 сүңгуіршілер, 251 мотомпомп су басу қаупі жоғары аймақтарға жіберілді. Әсіресе биылғы жылы Астрахан, Атбасар, Аршалы, Целиноград аудандарындағы жағдай аса күрделі болды. Құтқарушыларға қойылған негізгі міндет қалыптасқан төтенше жағдайды жою болды. Атқарылған жұмыс зая кетпей су деңгейі төмендеп, құтқарушылар кері қайтуда. Ақмолалық құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде бір де бір үйді су басуына жол берілмегенін атап өткен жөн, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Алексей Советов.

Биылғы қардың мол болуы тұрғындарды да қатты үрейлендірген.

  • Төтенше жағдай қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.Олар тынбастан тәулік бойына су тасқынына бақылау жасап, үйлердің айналасына құмнан бөгендер қойды. Ернеуінен асып, үйлерге таяп қалған суларды сорып қауіптің бетін қайтарды, – деді Старый Колутон селосының тұрғыны Петр Подоксенов.

Естеріңізге сала кетсек, екі ай бойы құтқарушылар қорғаныс дамбаларын бекітіп, су басуы мүмкін жерлерді құм толы қаптармен бөгендер қойған. Жүктелген міндеттерді аса зор жауапкершілікпен орындаған құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүгіннен бастап ақмолалық азаматтық қорғаныс жүйесі жоғары әзірлік режимінен қалыпты қызметіне көшті.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img