spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада биыл білім беру және денсаулық сақтау саласында 21 нысанның құрылысы аяқталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы құрылыс басқармасының мәліметтері бойынша 2020 жылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарының құрылысына 26,7 миллиард теңге бөлінген, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Жалпы осы жылы 17 білім беру оның ішінде 4 жаңа нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 300 орындық мектеп, Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында 280 орындық балабақша, Краснояр селосында 280 орындық балабақша және Көкшетау қаласында “Bolashaq Saraiy” салынбақ.

Сондай-ақ осыған дейін құрылысы басталған 13 білім беру нысандары атап айтқанда Шортанды ауданында 1 балабақша мен Қоянды, Қажымұқан, Семеновка, Өтеміс, Қосшы, Көкшетау қалаларында 7 мектеп салынып, Сандықтау селосында 1 балалар үйі пайдалануға берілмек.

Ал денсаулық сақтау саласында биыл 4 нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Яғни, Целиноград ауданының Қосшы селосында 100 орындық емхана, Көкшетауда онкологиялық емхана, сонымен қатар Шортанды ауданының Степное селосында 25 орындық және Софиевка селосында 50 орындық дәрігерлік амбулатория салынады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img