spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада «Birgemiz Аqmola» қорынан 2927 мұқтаж адам 50 мың теңгеден көмек алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан мұқтаж адамдарға қаражат бөлу қарастырылған. Ақмола облысында «Birgemiz Аqmola» қорынан 7 санат бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына 50 мың теңгеден көмек берілуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы «Antikor live» жобасы шеңберінде Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Ақмола адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары әлеуметтік желілерде жарияланған тікелей эфир барысында мәлім болды.

Өңірдегі «Birgemiz Аqmola» қорының төрағасы Қазезтай Дүйсеновтый айтуынша 50 мың теңгелік көмек мұқтаж адамдарға 7 санат бойынша берілді

Республикалық «Біргеміз» қорының нұсқауымен еліміздің барлық өңірлерінде «Біз біргеміз» қорларын құру жоспарланған. Біздің облыста да 30 наурызда «Birgemiz Аqmola» аталатын қор құрылды.  Бұл қор төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған мұқтаж адамдарға көмек беруге бағытталған. Біз әкімдіктермен, жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыс істейміз. Олар бізге 7 санат бойынша мұқтаж адамдардың тізімін анықтап жібереді. Біздің облысқа республикалық қордан 146 миллион 500 мың теңге қаражат түсті. Көкшетау қаласы әкімдігінен берілген тізімге сәйкес Көкшетау қаласы аумағында толықтай төлем жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші кезең бойынша 120 көп балалы отбасы, 837 – І топ мүгедектері, 886 – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, 144 – кәмелет жасына толған жетім адамдар, 776 ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер мен 164 Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған теңестірілген азаматтар 50 мың теңгеден көмек берілді, – деді қор төрағасы Қазизтай Дүйсенов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img