spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада бірнеше коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар бір мезетте тарифті төмендетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус пандемиясының салдарынан жарияланған еліміздегі төтенше жағдай кезінде өңірдің коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары да тұрғындардың жағдайын ескеріп, тарифтердің құнын төмендеткенін жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының энергетика басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдай кезінде Ақмола облысында осы жылдың 1 сәуірінен бастап коммуналдық қызмет түрлеріне тариф құны шамамен 10 пайызға дейін төмендеді.

Тариф құнын төмендеткендер қатарында «Көкшетау Энерго орталығы», «Көкшетау Жылу», «Көкшетау Су Арнасы», «Степногорск Энергосбыт», «АРЭК Энергосбыт» сияқты бірқатар коммуналдық кәсіпорындары бар.

Толығырақ айтқанда, «Көкшетау Су Арнасы» 1 текше метр суды жеткізу құнын 70.55 теңгеден 53,5 теңгеге, «Степногорск-водоканал» 109,84 теңгеден 98,86 теңгеге, «Бурабай су арнасы» 105,62 теңгеден 95,06 теңгеге, «Атбасар Су» 158,50 теңгеден 142,60 теңгеге, Шортанды Су»  162,44 теңгеден 146,20 теңгеге, «Ерейментау Су Арнасы» 113,78 теңгеден 108,10 теңгеге дейін төмендеткен.

Өңірдің жылумен қамту кәсіпорындар да қиын-қыстау кезеңде халыққа жеңілдік жасауды жөн деп тауыпты.

Атап айтқанда, «Көкшетау Жылу» 1гКал үшін 1907,05 теңгеден 1 716,35 теңгеге, «Степногорск энергосбыт» 4297 теңгеден 4082 теңгеге, «Теплосервис» 3693 теңгеден 3324 теңгеге, «Атбасар Су» 3706 теңгеден 3336 теңгеге тариф құнын өзгерткен.

Шарапатты істе электр энергиясын өндірушілер де қалыс қалмады. Яғни, 1кВт электр энергиясы үшін «Көкшетау Энерго Орталығы»  13,94 теңгеден 12,55 теңгеге, «Степногорск Энергосбыт» 11,00 теңгеден 10,45 теңгеге, «Шаңтөбе-энергокомплекс» 16,47 теңгеден 14,82 теңгеге, «АРЭК энергосбыт» 14,55 теңгеден 13,82 теңгеге тариф құнын төмендетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img