spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Қазақстанда карантин сәуірдің соңына дейін созылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуірдің соңына дейін ұзартылатын болды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы кезінде мәлімдеді.

Сонымен қатар Президент қауіптің беті әлі қайтпағандықтан карантин мерзімін созу қажеттігін атады.

Қатаң карантиндік шаралар өз нәтижесін берді. Елордада және Алматы қаласында науқастар санының өсуі тұрақтанды. Дегенмен жалпы экономикалық ахуал, қазақстандықтардың әлеуметік әл-ауқатындағы жағдай өте күрделі болып отыр. 15 сәуірде менің төтенше жағдай жариялау туралы Жарлықтың мерзімі аяқталады. Қазірдің өзінде төтенше жағдай режимін ең болмағанда сәуірдің соңына дейін ұзарту қажеттілігі сезіліп отыр. Біз әлі коронавирус инфекциясы таралуының шырқау шегіне жеткен жоқпыз. Сондықтан эпидемиямен күресті тоқтатуға болмайды. Сондықтан Елордада, Алматы және Шымкент қалаларында, сонымен қатар тиісті облыстарда сәуірдің соңына дейін карантин режимін ұзартуды тапсырамын. Адамдар бұрынғыдай көшеге шығып, қалыпты  өмір сүруді қалайтынын түсінемін. Бірақ карантинді сақтап оқшауланудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық мамандардың ұсынысы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика