spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
11.9 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: Дауылдың зардаптары қалпына келтіріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі 7 сәуірде  қатты дауылдың салдарынан болған жағдайға орай өңір халқына үндеу жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Құрметті ақмолалықтар!

Өздеріңіз білетіндей кеше 7 сәуірде біздің облыс аумағында қатты дауыл тұрды. Секундына отыз метрден астам жылдамдықпен соққан дүлей желдің салдарынан облыс орталығы және бірқатар аудандар электр жарығынсыз қалды. Тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, әлеуметтік нысандарға үлкен зақым келді. Отызға тарта адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Өкінішке орай табиғи апат Бурабай ауданында бір адамның өмірін қиды. Мен өз атымнан қаза болған азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен барлық коммуналдық қызмет күштері табиғи апаттың салдарын жоюға кірісті.

Құрметті жерлестер! Мен баршаңызды сабыр сақтауға шақырамын. Келтірілген шығын көлемі есептелуде. Барлық нысандар қалпына келтірілетін болады. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қалыптасқан жағдайға байланысты сабырлық сақтап, дүрбелеңге салынбай азаматтық жауапкершілік көрсетуді өтінемін. Тек бірге болсақ қана біз барлық қиындықты жеңе аламыз, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика