spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізілуде (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз» акциясы Көкшетау қаласында кеңінен жүзеге асырылып келеді. Елдегі қиын шақта қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысқан қайырымды жандар жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастыруда, – деп хабарлайды «Aqmola news ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласының әкімдігі мен республикалық NOMAD MMA федерациясы Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша біріккен федерациясы мен Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының қолдауымен 3 сәуірден бастап Көкшетау қаласындағы 80 жастан асқан жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырған.

  • Түскі асты жеткізуді арнайы үйретілген курьерлер жеткізетін болады. Олардың әрқайсысымен санитарлық нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік пен нұсқаулар беріліп, жеке келісімшарттар жасалған. Біз карантин кезінде ең осал әрі қорғаусыз қалған қария адамдармен жұмыс істейміз. Олар жалғыз емес. Біз оларды өз қамқорлығымызға аламыз, – деді Nomad MMA федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Көмектің ұйымдастырылу сапасын бақылау мақсатында арнайы қызметтер де құрылыпты. Түскі астарды жеткізуге шығар алдында әрбір курьердің денсаулық жағдайы мұқият тексеріліп, сырт киімдері өңделеді. Жұмысқа жұмылдырылғандардың бәріне санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін эпидемияға қарсы костюмдер, көзілдіріктер,  медициналық қолғаптар мен бетперделер беріледі. Ол үшін қосымша қаражат та бөлінген.

Курьерлер денсаулық жағдайына байланысты қартайған шағында қиын жағдайға тап болған мұқтаж зейнеткерлерге осылай қолдау көрсетуде.

Біз барша қала тұрғындарын ізгі істен қалыс қалмай аталған «Біз біргеміз» акциясына қосылуға шақырамыз, – дейді ұйымдастырушылар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img