Ақмола облысының құтқарушылары өңірдегі су тасқынын ғарыштық мониторинг құралдарының көмегімен бақылауда. Бұл біріншіден аса зор қауіп төндіріп отырған Жабай өзені мен Елорда маңындағы елдімекендерді бақылауға алу үшін қажет болған, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғарыштан бақылауда Нұра, Шағалалы, Есіл сияқты басқа да өзендер де назардан тыс қалмапты. Қазір Ақмола облысының су қоймаларында мұз құрсауларының босап, өзен жағалауларында судың жайыла бастауы байқалады. Жалпы өңірдегі су тасқынына қарсы шараларар тұрақты түрде белсенді жүзеге асырылуда.
Бүгін Павловка селосында Шағалалы өзенінің деңгейінің артқаны байқалған. Мұнда өзен арнасы 9 сантимерге дейін жоғарылап, ал Каменный карьер селосының маңында Есіл өзені өзен арнасы 12 сантиметрге дейін жайылған. Қазір өзен арнасы 203 сантиметрге жетті, егер 808 сантиметрге жетсе су тасу қатері күшеймек. Ал басқа өзен арналарындағы су деңгейі әзірге қалыпты- деді баспасөз қызметінен..
«Бізге ғарыштық мониторингті «Гео Сат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынып отыр. Мониторингтің көмегімен біз қауіп деңгейін ертерек анықтап, табиғи сипаттағы қатерді барынша төмендетуге мүмкіндік алдық. Ғарыштан тәулігіне 8-10 мәрте түсірілім жасалады. Сонымен бірге өңірде облыстық су тасқынына қарсы штаб жасақталған. Облыстың барлық аумағында су тасқыны жағдайы мен ақпараттарды жеткізу, болжам жасау және күн сайын мониторинг жасау үшін жедел штабтар да жұмыс жүргізуде, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Жалпы өңірдің барлық аудандарында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. Әсіресе су тасқыны қаупі жоғары деп бағаланған Целиноград, Атбасар, Астрахан, Аршалы, Есіл, Бурабай, Сандықтау, Шортанды, Зеренді және Ерейментау аудандарында жұмыс едәуір белсенді жүргізілуде.
Өңірдің төрт ауданында, атап айтқанда Целиноград, Аршалы, Астрахан және Атбасар аудандарына департаменттен қосымша 135 адам, 30 техника бірлігі, 20 мотомомп мен 11 жүзу құралдары ағын суларды кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жіберілген.