spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
11.1 C
Kokshetau

Ақмола облысының 187 мектебі бұрынғы тәртіппен білім береді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мектептері қашықтықтан білім беруге дайындық шараларын жүргізуде. Өңірдің төрт ауданы Целиноград, Ерейментау, Зеренді, Бурабай және облыс орталығындағы жалпы орта білім беру мекемелері қашықтан оқыту режиміне көшірілсе, қалған ауылдардағы 187 мектеп бұрынғысынша дәстүрлі режиммен білім беретін болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агентігі.
Бүгінде облыста 556 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 127 706 оқушы білім алады, 15260 мұғалім дәріс береді.
2020 жылы 6 сәуірден бастап, Республиканың көптеген мектептері қашықтықтан білім беру технологиясына көшеді.
Алайда облыстың 187 мектебіндегі 10265 оқушы қалыпты режиммен оқытылады. Ал қалған 369 мектеп қашықтықтан оқыта бастайды.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде 1-ші және 11 сыныптардың сабақ кестесіне сәйкес Ел арна және Балапан арналарынан онлайн трансляция көрсетіледі. Сонымен қатар оқушылармен BilimLand, AiTube, Sabak.kz, Daryn.online, Youtube және танымал желілер WhatsApp, Telegram сияқты интернет ресурстарымен жұмыстар жүргізіледі.
Мұғаліммен кері байланыс облыс мектептерінің барлығында «Күнделік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Электр құралы болмаған жағдайда мұғалім мен оқушыға мектеп жабдығын яғни, компьютерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Бүгінде аудандар мен қалаларда жетіспейтін 2280 дана ноутбуктер мен компьютерлерді сатып алуға 618 миллион теңге қарастырылған.
Қазіргі таңда күн сайын ZOOM бағдарламасын қолдану арқылы қашықтықтан оқыту технологиясы түсіндірілуде.
Ботагөз Дүйсенова жалпылама айтқанда облыстың білім беру мекемелеріндегі ТЖ кезіндегі қашықтықтан білім беру жұмыстары басқарманың үнемі бақылауында болатындығын жеткізді.
Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img