spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мейірімділік пен қол ұшын созу бірінші орында тұруы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

«Бастау Ақмола» қоғамдық қоры Ақмола облысының тұрғындарын қысылтаяң шақта бірігуге, көмек қолын созуға, мұқтаждарға жәрдемдесуге шақырады,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Қоғамдық қор өкілдері азаматтық белсенділік, жауапкершілік пен мейірімділік көрсете отырып, аз қамтылған азаматтардың, көп балалы отбасылардың, табысы төмен және өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғалардың басқа да санаттарының мұқтаждықтарына жәрдемдесуге, қоғамның өмірлік маңызды және әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуға бастама көтеруде.

Құрметті ақмолалықтар!

Бүгінгі таңда әлемдік экономикада жаһандық табиғаты бар және бірқатар дағдарыстық құбылыстарға әкеп соққан күрделі жағдай қалыптасты.

Сонымен қатар, жақында ғана Қазақстан тарихында коронавирустық инфекцияның таралуын баяулату үшін төтенше жағдайды енгізу бойынша теңдессіз қадам жасалды.

Біз қазіргі уақытта мемлекетіміздің азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін дамыту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын көріп отырмыз.

Коронавируспен күресу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар кешені бағытталған. Барлық мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысы үйлестірілді. Барлық медициналық ұйымдардың персоналы осы іс-шараларға тартылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Көмек көрсетуге ниет білдірген барлық азаматтар реквизиттерде көрсетілген қоғамдық бірлестіктің шотына қаражат аудара алады.

Қорға түскен қаражат жеке қорғану құралдарын сатып алу, оларды мұқтаждарға өтеусіз беру және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі өзге де шаралар үшін пайдаланылатын болады.

Қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Барлық жанашырлық танытқандарға деген ризашылықпен, «Ақмола Бастау» қоғамдық қоры,-делінген хабарламада.

Деректемелері:

«Бастау Ақмола» қоғамдық қоры

БСН: 170640004334

Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК: KZ436010321000360633

БСК: HSBKKZKX

Коды: 18

Банк филиалының орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, тел: 8 (7162) 58 59 21; факс: 8 (7162) 31 18 57.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img