spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтарда барлығы 1322 тұлға тұрып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада бүгінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтарда  барлығы 1322 тұлға тұрып жатыр. Оларға 790 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде. Бұл орталықтарда КВИ -сының алдын алу шаралары ұйымдастырылып, дизинфекция тиісінше жүргізілуде. Бұл туралы Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ахметжанова Дина жеткізді,-деп хабарлайды Aqmola News.

Көкшетауда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 10 орталық жұмыс істейді. Оның 5-і қарттар мен мүгедектерге арналған мекеме болса, 4-уі жүйке-жүйесін қалыпқа келтіру орталығы және 1-уі дамуында кемшілігі бар балаларға арналған орталық .

  • Бүгінде облыстағы орталықтардағы 18 жастан асқан 823 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 57 бала және 442 жалғызбасты қарт әлеуметтік қызметке мұқтаж. Олардың денсаулықтары күнделікті тәртіп бойынша бақыланып, бұл жерде инфекция жағдайына төтеп беру шаралары қолға алынды,-дейді Дина Ахметжанқызы.

Арнайы орталықтар күніне екі рет ылғалды тазартылып, дизинфекция мен маска тағу режимі қалыптастырылды. Нысандарға дене қызуын өлшейтін құрылғылар, сенсорлы дозатор мен антисептик орналастырылды.

Әлеуметтік қызмет алушы тұлғалар арасында инфекция анықталған жағдайда оқшаулау изоляторы дайын тұр. Қызметкерлерге күнделікті коронавирус жағдайына қарсы әрекет ету үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img