КВИ-ның алдын алу шараларын жүргізу кезіндегі еңбек қызметінің ерекшеліктері туралы еңбек инспекциясының басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбек Баймұсынов жеткізді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Ақмола облысында жеке ұйымдардың қызметі шектеліп, бірқатар мекеме қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.
Мұндай жағдайда еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тетіктері қарастырылған. Толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа ауыстырылуы, еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздығы Еңбек кодексіндегі көрсетілген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады, -деді Дүйсенбек Баймұсынов.
Бұл ретте жалақы жұмыскерлердің нақты жұмыс істеген уақытына төленеді. Жұмыс жағдайы жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес егер жұмыс беруші мен жұмыскерлерге байланысты емес себеппен өндіріс тоқтап қалған жағдайда жалақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады. Яғни, жалақының ең төменгі мөлшері 45 000 мың теңгеден кем болмайтын мөлшерде төленеді.
Сонымен қатар спикер карантин енгізілген тұлғаларға да еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес ақы төленетіндігін айта кетті.
-
Жұмыстан қысқарту жағдайы да Кодекс заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс беруші жұмысшыға қысқартылатындығы туралы алдын ала ескерту жасауға міндетті және жұмыстан себепсіз басатқан жағдайда өтемақы төлеуге тиіс,-деді спикер.