spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысы коронавирус індеті жағдайына дайын ба?

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлем елдерін әбігерге салған қатерлі індет – коронавирустың таралуы қазақ еліне де елеулі қауіп төндіргені жасырын емес. Сол себепті Ақмола облысының індетке дайындығын білу мақсатында  облыстық аурухана мен Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-дің медицина факультеті және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас мамандарымен «Aqmola news» ақпарат агенттігі сұқбат жүргізді .

Алдымен Қытай елінің Ухань қаласында басталған дерт бүгінде мыңдаған халықты әбігерге салып, 72 мемлекетте таралып үлгерген. Соңғы деректерге сенсек бүгінде 90 912 адам аталған вирусты жұқтырса, 3117 адам о дүниеге аттанған. Сәт санап сан мыңдаған жұртты жалмап тынған тажал ауруға қазақ елі қаншалықты дайын? Қазақ медицинасы қандай қарекет жасамақ, міне, бұл мәселе барлығымызды алаңдатып отырған жайт.

Департамент басшысының айтуынша, бұл індет пайда болғалы бері елімізге соңғы екі айда қауіпті ауру ошақтарынан келген адамдардың жалпы саны – 130 адамды құраған. Эпидемологиялық ахуалдың асқынуына байланысты Қазақстанның бас санитар дәрігерінің бастамасымен шетелдерден келген адамдар үш санатқа бөлінген.  Алғашқы санатқа Қытай және Иран мемлекетінен келген адамдар жатқызылған. Абырой болғанда індет таралғалы бері бұл  елдерден келген адам тіркелмеген. Ал екінші санатпен 10 адам  қазақ елінің аумағына өткен. Бұл азаматтардың барлығы Тайланд елінен келгені анықталды. Олардың барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Үшінші санат бойынша БАӘ, Германия, АҚШ және Ресей Федерациясынан 102 азамат тіркеуге алынған. Олардың бәрі қазір медициналық бақылауға алынған.

  • Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансері базасында жұқпалы ауруларды қабылдайтын 100 орындық, тері-венерологиялық диспансерде тағы 100 орын арнайы емдеу госпитальдары ашылды. Қаңтар айында 25 адам аталған емдеу орындарына жатқызылған. Қазір 3 адам ем қабылдауда. Сонымен қатар, індеттің алдын алу және бақылау мақсатында медициналық қызметкерлерді эпидемияға қарсы шаралар өткізуге әзірлеу өңірлерде  түрлі семинарлар мен жиындар өткізілуде, – дейді департамент басшысы Айнагүл Мусина.

Облыстың бас дәрігері аталған індетке байланысты қажеттіліктің бәрі өңір ауруханаларында жеткілікті екенін айтады. Дегенмен облыста коронавирусты дер кезінде жылдам анықтайтын вирологиялық зертхананың болмауы көпшілікті алаңдататыны сөзсіз. Мұндай зертхана Алматы мен Астанада ғана бар көрінеді…

Облыстық мекемелерде арнайы штаб құрылып, халықты ақпараттандыру, сақтандыру, алдын алу сияқты шаралар күнделікті жүрігізілуде. Көпбейінді облыстық ауруханасының бір корпусында 50 орындық жатын орын дайындалды. Егер індет туындаса, ол жерде медициналық жабдықтар, мен антибиотиктердің ассартименттері жеткілікті. Қазір шет елде жүрген отандастарымыз көп қой. Олар өз облысына мысалы біздің облысқа келген жағдайда карантин жарияланып, арнайы жабдықталған орындарға жатқызылып, анализдері алынып, біздің бақылауымызда болады. Науқас симптоматикалық емдеу курсы бойынша емделеді. Ол үшін дәрі-дәрмек жеткілікті. Халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу үшін арнайы кеңестер де берілуде. Әрине ең алдымен жеке гигиеналық жағдайға баса мән берілуі тиіс, – дейді облыстың бас  дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Серік Аяғанов.

Өңірдің бас дәрігері коронавирустың негізгі үш белгісін атады. Ол жөтелу, қызу көтерілу мен ентігу. Демек, осындай симптомдар білінсе, дереу дәрігерге көріну қажет. Оның таралуы да қарапайым, науқас түшкірсе, жөтелсе, ауа арқылы екінші адамға жетеді. Тамақ пен киім ауыстыру жағдайлары да аурудың тез таралуын туындатады.

Мамандар өршіп, таралу қаупі үдеп жатқан бұл вирустың бәсеңдеу уақыты күн жылынып, ауа райы тұрақтанғанда деп отыр. Сондықтан жамандықты шақыра бермей, әркім өз денсаулығын қадағалап, сабырлық таныту қажет дейді.

Коранавирустан қорғану ережелері мен мәліметтер туралы бейне –ролик Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттің дәлізіне орналастырылыпты.

Оқу орнында білім алатын студенттер короновирус инфекциясы туралы толық ақпаратты осы ролик арқылы көреді. Университет қабырғасында әсіресе медицина факультетінде осы індетке байланысты талқылаулар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іс шаралар ұйымдастырылып, аталған ауруға байланысты соңғы ақпараттардан хабардар етіледі. Егер вирус туындаған жағдайда бүкіл университет ұжымы жұмыла кетуге дайын. Студенттердің көбісі еріктілікпен айналысады. Олар үнемі қоғамдық орындар мен іс-шараларда жүреді. Сондықтан оқу орнында бетперде де жеткілікті. Біз оны өзіміз тігеміз. Егер вирус белгілері байқалған жағдайда алғашқы көмек медицина факультетінде көрсетіледі. Онда медициналық жабдықтар дайын,-дейді КМУ-дің медицина факультетінің деканы Светлана Мұратбекова.

Мамандардың пікірінше, осы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізге келген адамдардың тізімдері көші-қон полициясы, полиция департаменті, шекара қызметі және туристік фирмалар арқылы дереу берілуі тиіс. Ақмола облысының туризм басқармасының мәліметтері бойынша өңірде  қазіргі таңда 26 туристтік фирма шетелдермен тұрақты қызмет етуде. Алайда, департамент басшысы аталған туристтік фирмалардың көпшілігі қанша азаматтың елге келгені туралы нақты мәлімет бермегенін айтып отыр.

Біз елімізге оралған және шетелде жүрген Қазақстан азаматтары туралы нақты мәліметті білмейміз. Аталған мәселеде ақпарат алмасу және өзара бірлесіп әрекет жасау үшін туристтік агенттіктерді бірнеше мәрте жиналысқа шақырдық. Алайда солардың тек 8-і ғана біздің шақыртуымызға қатысып мәліметтер ұсынды – дейді Айнагүл Мусина.

Мекеме басшысының мәлімдеуінше, елімізге келген азаматтар туралы Ақмола облысы бойынша 20 туристтік агенттікке сұраныс жасалып, алайда тек 5 туристік мекеме мәлімет берген.  Мәселен тек «Манго» туристтік агентттігі арқылы ғана елімізге шетелдерден 35 адам келген. Олар өз клиенттері туралы ақпараттың құпиялығы себепті ақпарат беруден бас тартқан.

Ақмоланың бас дәрігері қазіргі таңдағы өңірдегі медициналық бетперденің тапшылығы туындағанынан да хабардар.  Бұл уақытша жағдай. Себебі наурыз айының ортасына таман қаладағы барлық дәріханаларға бетперде әкелінеді. Тапсырыс жасалды, жағдай бұрынғыдай болмақ.

Індетке байланысты медициналық мекемелердің  әзірлігі, сақтық шаралары  тілшілердің де үнемі бақылауында, назарында болатынын да айтқымыз келеді.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img