spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Степногорск қаласында медицина мамандары жетіспейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласына Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың сапарына орай қала әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Жиында өңірдегі денсаулық сақтау жүейесін дамыту бойынша бірқатар проблемалық мәселелер мен ұсыныстар қаралды, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі. 

Сапар барысында ол қалалық емханадағы, амбулаторлық диализ орталығы  және көпбейінді ауруханасының жағдайымен танысты, сондай-ақ медициналық мекемелердің келушілерімен медициналық көмектің сапасы, «Д» жазбасы бойынша пациенттерді уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі және басқа да мәселелерді назарға алынды.
Өткен жылы материалдық-техникалық базаны ұлғайту шеңберінде 140 млн теңгеге медициналық құралдары сатып алынды. Бұл медициналық жабдықтар аймақтың халқының денсаулығы үшін іске жарап тұр.
Орталық қалалық аурухана базасында созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратындарға арналған амбулаторлық диализ орталығы («BBNURA»ЖШС) жұмысын бастады. Мекемеге жөндеу жүргізіліп, замануи құралдар орнатылған. Процедуралар кепілді мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өткізіледі.
Өңірдегі дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын халықтың өз денсаулығын қамту көрсеткіші 33,6% пайызды құрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика