Бүгінде елімізде жарқын болашақта экономика негіздері ретінде жеке кәсіпкерліктің дамуына бағытталған іргелі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін республикамызда «2017-2021 жылдарға бұқаралық кәсіпкерлік және өнімді жұмыспен қамтуды дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламалары әрекет етіп, оның шеңберінде өңірде ағымдағы жылы 6 миллиард теңге бөлінген. Өткен жылдың соңында «Бизнестің жол картасы 2025» жаңа бағдарламасы бекітіліп, оның аясында шағын және орта бизнеске бірқатар өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.
Аталған өзгерістер несиелер бойынша мынадай кепілдіктерге қатысты болған.
1. Кепілдік жүзеге асырылатын жоба шеңберінде несие сомасы 180 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Бұл сома онымен үлестес тұлғалардың несиесі бойынша қарыз есебінсіз кәсіпкерлерге арналған.
Кепілдік мөлшері несие сомасының 50 пайызына дейін сонымен қатар кәсіпкер несие сомасынан кемінде 50 пайыз құны мөлшерінде несие бойынша кепілдікті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Кепілдік ұсыну мерзімі несие мерзімінен аспайды және несие валютасы теңгемен беріледі.
Бизнесті жаңадан бастаған немесе жас кәсіпкер үшін несие сомасы 60 миллион теңгеден аспауы тиіс. Сонымен бірге несие сомасы онымен үлестес тұлғалар несиесі қарызы есебінсінсіз кәсіпкерлерге арналады;
– кепілдік мөлшері несие сомасының 85 пайызына дейін бірақ кәсіпкер несие сомасынан кемінде 15 пайыз мөлшерінде несие құны бойынша кепілді қамтамасыз ету ұсынылады;
– ұсынылатын кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды және несие теңгемен беріледі.
Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерін іріктеу бойынша жүргізілетін конкурстар қорытындылары бойынша өңірлік бағдарлама үйлестірушілері арқылы мемлекетпен ұсынылады;
Экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсіптері салаларында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бір субъекті үшін мемлекеттік гранттың сомасы 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі қаражатты бөлінбек.
Оның ішінде жол картасын қолдау жүйесі жетілдірілді. Айналым қаражатын несиелеу мөлшері 60 миллионнан 360 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Несиенің мақсатты арнауы келесі бағыттармен толықтырылған:
Франшизаларды алу
Қайта қаржыландыру
Өндірістік инфрақұрылымдарды жүргізу түрінде қолдау алу үшін кәсіпкер Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасына өтінішпен жүгініп, өзінің құжаттарын атап айтқанда, бизнес жоспары, жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама (кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытыдысымен) ұсынады.
Басқармамен 5 жұмыс күні ішінде жоба Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына енгізіледі.
Жоба мақұлданған жағдайда бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне немесе бюджетті қалыптастыру бойынша жергілікті атқарушы органға жолданады.