spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда жоқ пәтерлерді жалдап келген алаяқтар ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда пәтер жалдаймын деп пұлын төлеген бірнеше адам алаяқтардың арбауына ілінді. Ақмолалық полиция кезекті рет пәтер тапсырамын деген желеумен жұртты алдап келгендерді қолға түсірді. Олар осы уақытқа дейін 11 адамды тақырға отырғызған, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Көкшетаулық аңғал адамдардың есебінен күн көрмекші болғандар Шығыс қазақстан облысындағы Риддер қаласының екі тұрғыны болып  шықты. «OLX» жарнамалық сайты арқылы пәтер суретттері мен телефон нөмірлерін көрсетіп, ұзақ мерзімге пәтер жалдау туралы хабарлама орналастырған олар пәтерге алдын ала төлем алып отырған. Мұны «пәтер иелері» тұтынушылардың көптігімен әрі Көкшетауға келуге қол тимейтіндігімен түсіндірген. Ештеңеден қауіптенбеген пәтер іздеушілер жалдау құнына қарай 15 мың теңгеден  45 мың теңгеге дейінгі соманы  алаяқтардың есебіне аударып жіберген. Ақшасын алған алаяқтар бұдан кейін байланыстан мүлде жоғалған. Ал құжаттарда көрсетілген мәліметтер жалған болып шыққанда ғана алданғандарын аңғарыпты.

Тек бір күн ішінде алаяқтықтың құрбанына айналған Степногорск және Ақкөл қалаларының екі тұрғыны полицияға арыз түсіреді. Бірден жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция Риддер қаласының күдікті тұрғындарын ұстады. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img