spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Кәсіпкерді тонап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында екі ер адам көшеде кәсіпкерді ұрып-соғып, қол сөмкесін тартып алған. Оның ішінде 27 500 доллар болған, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

– 28 қаңтарда белгісіз екі адам жеке кәсіпкерге жабылып, дене жарақаттарын келтіріп, 27 500 долларын, сондай-ақ құжаттар мен банктік карталар бар қол сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен, делінген ПД хабарламасында.

Полицейлердің мәліметінше, кәсіпкер Ақмола облысына Алматыдан келген. Қылмыс ер адам жергілікті қонақ үйге бара жатқанда жасалған. Қылмысты ашу және қарақшыларды анықтау үшін жедел топ құрылып, іздеу шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Атбасар қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары анықталып, қамауға алынды.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, яғни «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img