Жарқайың ауданының бюджеті жүз пайыз игеріліп, салық түсімдерінің көлемі бойынша облыстық рейтингте үшінші орынды иелеген. «Мемлекет қазынасына 58 миллион теңге салық төленді. Бұл жұмыстар жыл сайын жалғасатын болады»,-дейді аудан әкімі Мұрат Балпан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысына арналған брифингте. Жыл қорытындысына сәйкес ауданның негізгі капиталына 5,3 миллиард теңге инвестиция құйылған,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Бұл инвестицияларды негізінен аудандағы құрылысы жүріп жатқан «Темірлан» тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін цех, қуаты 20 000 тонна желілік элеватр «Мотабар» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Сыздықов» ойын-сауық орталығының құрылысы, 150 орындық «Ажар кафесінің құрылысы сонымен қатар қуаты 5000 мың тонна нан пісіре алатын «АгроПродЖаркаин» құрап отыр.
Ауданда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде 75 отбасы жаңа пәтерлерге ие болған. Өнеркәсібіне келер болсақ, ауданда 3,1 миллиард теңгеден астам өнім өндірілген.
Орта және шағын бизнес саласында шамамен 1300 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оларда 4000-нан астам адам еңбек етеді. Жаңадан 284 жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары жұмысқа тартылған.
Нан бағасын тұрақтандыру үшін қуаттылығы тәулігіне 5 тонна «Жарқайың НАН» ЖШС диірмен кешені пайдалануға берілді. Нанның орташа бағасы 85 теңгені құрайды. Ауданда 11 наубайхана жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығының негізгі тіршілік көзі егін мен мал шаруашылығы екені даусыз. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан, орташа өнімділік гектарынан 9,04 центнерден жақсы өнім жиналған. Қамбаға 574 мың тоннадан астам астық төгіліп, 158 бірлік ауыл шаруашылық техникалары сатып алынған.
Ауылды жер болған соң етті де ауылдан іздейтініміз түсінікті… Ауданда мал басы жылдан жылға көбейіп, бұл шаруашылыққа назар аударылып келеді. Әкімнің есебінде бұл мәселе де қалыс қалмады. Пятигорское ауылында «Мадияр-К» ЖШС өз қаражаты есебінен 25 бас асыл тұқымды аналық мал, 1 бұқа сатып алынып, мал шаруашылығы фермасы іске қосылған. Отрадное, Львов, Үшқарасу ауылдарында мал шаруашылығы табысты дамып келеді. Тасөткел ауылында 50 бас ірі қара малға арналған отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермасы ашылған. Ақпан айында Тассөткел ауылында неміс технологиясы бойынша сүт цехын ашу жоспарланған.
Ауданда жыл сайын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 23 көп қабатты үйді және жеке сектордың 10 объектісін орталық жылытуға қосу бойынша инженерлік желілері бар блоктық-модульдік қазандықты орнатуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Ауданда ауыз су мәселесіне де көп көңіл бөлініп келеді. Республикалық бюджет қаражат есебінен өңірді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз қолға алынып келеді. Бірсуат ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Шойындыкөл ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның құны 563 миллион теңгені құрайды.
Ауданда маңызды мәселелердің бірі жолдарды жөндеу. Державин қаласында 14 км жол жөнделді. Қоғамдық көлікке арналған 7 аялдама алаңдары, 33 жол белгілері қалыпқа келтіріліп, 3000 шаршы метр тротуарлар төселген.
Учаскелік полиция пунктінде басқару блогы мен монитор орнатумен 13 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Саябақтың қоршаулары, қақпалары ауыстырылып, қазіргі үлгідегі жарықтандыру орнатылып, ана мен бала ескерткіштеріне жөндеу жүргізілген. Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылған.
Аудан халқының денсаулығына да мән беріліп келеді. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапқан. Біздің ауданда, басқа аймақтарда сияқты, медициналық кадрлардың, тапшылығы бар.
Өткен жылы 6 дәрігерге, жайлы пәтер берілді. Жалпы, аудандық аурухана балансына 17 пәтер бөлінген.