spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

«Кедергісіз жұмыс» оқу курсы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

«IndiGo» оқу орталығының базасына сәйкес «Кедергісіз жұмыс» әлеуметтік жобасы жүргізілуде. Тұрғындардың оқытылып, алдағы уақытта жұмысқа тұрып кетуі үшін бұл жобаның маңыздылығы артып отыр деп хабарлайды «Aqmola news».

«IndiGo» оқу орталығының директоры Абылай Исин:

– Бүгінгі таңда кез келген адамның әр түрлі мамандық бойынша оқып, өзін өзі біліммен қамтамасыз етуіне зор мүмкіндік бар. Біздің студия өзінің кәсіби деңгейін арттырғысы келетін жас аналар мен балаларға, түрлі компаниялардың қызметкерлеріне көмектесіп келеді. Осы мақсатта біздің командамыз бірлесіп осы авторлық әлеуметтік жобасын қолға алып отыр.

Абылай Исиннің мәліметіне сенсек, жұмысқа тұруға мүмкіндігі аз тұлғалар заманауи бағыттар бойынша білім алып, қарым қабілетін жетілдіруге жол ашылмақ. Аталған оқыту курсы екі ай бойы SММ және интернет маркетинг, графикалық дизайн, копирайтинг бойынша оқу-үйрету жұмыстарын жүргізеді. Оқу ақысы жұмысқа алатын компанияның есебінен төленеді.

«Кедергісіз жұмыс» әлеуметтік жобасының негізінде 1 наурыздан бастап 50 адамды, ал жыл аяғына дейін 200 адамды оқыту жоспарланып отыр. Келер жылдың жоспарында №1 түзету мектеп-интернаты мен №4 есту сөйлеу кемшілігі бар балаларға арналған түзету мектеп-интернатының балаларын курстан өткізу қарастырылған. Бұл орталыққа қазір нашар еститін екі адам келіп жүр. Абылай Исин Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығымен байланыса отырып іске асырылатын жобаның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пайдалы екеніне сенімді екенін жеткізді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img