Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар арасында шаңғы спортын дамытуға бағытталған.
Алғашқылардың бірі болып Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенттері шаңғы жарысын қолдап, өткізіп, «Бұқпа» шаңғы базасында бастау алды.
Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А. Мукушев жастар үшін осындай спорттық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, спорт баланың өмірінде маңызды рөл атқарады, ол қажетті физикалық белсенділікті сақтауға және денсаулықты нығайтуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның мақсаттылығы, төзімділігі, ерік-жігері сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Айта кетейік, фестиваль 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады. Оған колледждердің, мектеп – интернаттардың, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, оқытушылар құрамы мен техникалық персонал қатысады. Әр қатысушы үшін қашықтықтың ұзындығы жас тобына байланысты анықталады.
Қатысушыларға жақсы уақыт өткізуін тілейміз!