Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр...
Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан -2 адам, Алматы қаласы – 1 адам, Ақтөбе облысы – 1 адам, Алматы облысы – 1 адам, Қарағанды облысы – 2 адам, Қызылорда...
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Заң жобасы туристік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Аталған құжат 2020 жылғы...
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлолар облысы «қызыл» аймақта тұр. Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен...
1-11 ақпан аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын 14 мыңнан астам медицина қызметкері алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Лена Қасабекова осындай мәліметтерді жария...
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы қаңтардағы республикалық және мемлекеттік бюджеттердің шығыстары жөніндегі жоспардың орындалуы жайында айтты.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 91%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 94,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 80,6%-ға орындалды.
Республикалық бюджет бойынша 1 трлн 212 млрд теңге сомасына...
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Министрдің айтуынша, биылдан бастап 100-ден аса елде қазақстандықтардың есепшотын іздей бастайды.
Осы ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен...
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Вакцинация екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 0,5 мл мөлшерінде салынады. Осыдан кейін екінші кезеңде 21 күннен соң 0,5 мл мөлшерінде екінші компонент салынады....
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18-ге толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты, - деп...
26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
«Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің...