spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
14.1 C
Kokshetau

Билік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары шынайы достық пен өзара ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың жай-күйіне көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ олар ең жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарқынын сақтауға дайын екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті....

Мемлекет басшысы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді

Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады....

Мемлекет басшысы «Тұран» газ жылу станциясына барды

Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының, сорғы-сүзгі станциясының және үшінші ЖЭО-ның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының және жалпы қуаты сағатына 700 гигакалорий болатын «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің...

Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты

Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды. Бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Қазақстан аумағында өз өндірісін...

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы  ұлттық әрекет ету қызметінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты...

Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысына қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы «Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Шелл» энергетикалық концерні еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, «Шелл» концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналады. – Қиын-қыстау жылдары «Шелл» экономикамызға қомақты инвестиция құйып, жаңа технология,...

Жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстарына субсидия алады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізді. Құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған және 2023 жылғы 3 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жылыжай шаруашылықтары жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері...

Қазақстанда жеке инвестиция тарту арқылы 20 жаңа көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Іс-шараға Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич, Канада Елшісі Алан Хэмсон, АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм,...
- Жарнама -spot_img

Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img
Яндекс.Метрика