Сұрақ: Егер тұтынушы тауарды сатып аларда, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етсе, сатушы оны ұсынуға міндетті ме?
Жауап: Тұтынушыға сәйкестіктің тиісті сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларация, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға берілуге тиіс
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Занының 25-бабының 6-тармағы).
Өз кезегінде сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін
куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация – дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сонымен қатар осындай құжат ұсынудағы сатушының міндеттері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 31-бабының 1-тармағында көзделген. Онда сауда қызметі субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазакстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезінде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатың (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге міндетті екендігі көрсетілген.
Сұрақ: Қазіргі уақытта барлық сауда орындарында баға жазылған қағаздардың болмауы, есептен жеуі, кем өлшеу сияқты проблемалар көп кездеседі? Бұл жағдайда тұтынушы не істей алады?
Жауап: Кем өлшеу, таразыдан жеу, есептен жеу, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыру немесе өзгедей алдау, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабына сәйкес жаза көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын білу қажет.
Осы құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде тұтынушыға осындай істерді қарау және әкімшілік жауапкершілікке тарту құзыретіне кіретін органдарына жүгіну Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қажет.
- Сұрақ: Сатып алушы тиісті сападағы тауарды ұқсас маркалы (модельді, артикулды) құны қымбаттау тауарға айырбастаған кезде айырмасына қосымша ақы төлеуге тиіс пе?
Жауап: Мұндай жағдайларда, тұтынушы тауардың өсірілген құнының айырмасын қосымша төлемейді, себебі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30- бабының 7- тармағы талаптарының күшінде кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модельді артикулды) тауарға ауыстырған кезде
- Сұрақ: Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі туралы декларация болған жағдайда мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалаудың болуы міндетті ме?
Жауап: Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі туралы декларацияның болуы өнім туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты жапсырудан таңбалауды босатпайды.
Осылайша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25- бабының 3 және 7-тармақтарына сәйкес тауар туралы ақпарат тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамда, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.
Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.
- Сұрақ: Дүкеннен жейде сатып алдым, бұл ретте заттаңбасында тек қана бренд көрсетілген күтім және жуу туралы ақпарат жоқ. Бірақ, жуғаннан кейін жейденің түсі өзгеріп, ол түссіз болып қалды. Бұл температуралық режимді сақтамағандықтан болған болуы керек. Егер мен бұл туралы білсем, жейдені бүлдіріп алмас едім. Мен залалды өтете аламын ба?
Жауап: Әрине, Сіз залалды өтете аласыз.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24 және 25-баптарына сәйкес сатушы тұтынушыға тауарлар, оның ішінде тауардың мақсаты туралы және тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы міндетті болып табылатын не тұтынушы мен сактушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Сатушы тауар туралы тиісті ақпаратты дайындаушыдан алмаған жағдайда да жауапкершіліктен босатылмайды.
Бұл ретте көрсетілген заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес Сатушы тұтынушыға ықтимал тәуекел туралы және тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдаланудың шарттары туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер тауарды қауіпсіз пайдалану, оны сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату үшін арнаулы ережелерді сақтау қажет болса, онда дайындаушы оларды тауарға қоса берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен көрсетуге міндетті.
Осылайша, сатушы, Сізге тауар туралы толық және дұрыс ақпарат, атап айтқанда материялдың ерекшеліктері, жейдені күті ережелері туралы ақпарат бермеді, нәтижесінде бұл жейденің бүлінуіне әкелді.
Көрсетілген заңның 31-бабының негізінде, Сіз залалды өтете аласыз. Онда Сатушы тауар туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақытылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс деп жазылған.
Осы нормаға сүйене отырып, Сізге шағыммен сатушыға, ол бас тартқан жағдайда сот органдарына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет болады.