spot_img
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
0.2 C
Kokshetau

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына таңбаланған дәрілердің алғашқы легі келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты елімізде осы жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау қолға алынды.

Медициналық бұйымдарды таңбалау – өндірушіден, тарату құрылымынан, дәріханалар мен медициналық ұйымдардан бастап соңғы нүкте – пациентке дейінгі жеткізу тізбегі бойынша дәрілік заттардың қозғалысын бақылаудың ең маңызды құралы.

Көпсалалы облыстық аурухана жанындағы дәріхана меңгерушісі Ирина Шевченконың айтуынша, «СК-Фармация» онкогематологияда қолданылатын қымбат химиотерапиялық дәрі Ритуксимаб дәрісінің 27 құтысын алған. Әрбір құты сканерленеді және жүйе пакеттегі штрих-кодтың ілеспе құжаттардағы деректерге сәйкес келетінін автоматты түрде анықтайды. Деректер сәйкес келсе, медициналық мекеме бір батырманы басу арқылы белгілі бір препараттың нақты алынғанын растайды.

­–1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау міндетті болды, DataMatrix екі өлшемді матрицалық штрих-кодпен белгіленген дәрі-дәрмектің бірінші партиясы бір дистрибьютордан алынды. Жаңашылдық бізге барлық дәрі-дәрмек айналымын қадағалауға, контрафактілік және басқа да өнімдердің айналымын жоюға, ауруханаға жеткізілетін дәрі-дәрмектердің қатаң есебін жүргізуге мүмкіндік береді, ­– деді «Көпсалалы облыстық аурухана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Нұрлан Жаров.

Сонымен қатар, көпсалалы облыстық аурухана базасында аурухананың дәріхана бөлімі жобасы жүзеге асырылды, онда медициналық ақпараттық жүйе мен «1С-Бухгалтерияны» біріктіру арқылы аурухана ішінде дәрі-дәрмек қозғалысы әрбір науқас үшін жеке бақыланады. Оның үстіне, есепке алынатын құтылар немесе бөтелкелер бойынша емес, дана бойынша ­– миллиграмм және миллилитр бойынша жүргізіледі.  Дәрі-дәрмектерді тұтыну автоматты түрде бақыланады және қате рецептер мен емдеу қаупі барынша азайтылады.

– Цифрлық технологияларды енгізудің арқасында біз дәрі-дәрмектің ысырапшылдығын, қалдықтардың жоғалуын жойып, аурухана ішінде дәрі-дәрмектің қозғалысын қатаң бақылауға аламыз. Әрбір емделушіге дәрігер тағайындаған дәрілік заттар емделушінің аты-жөні және қабылдау уақыты көрсетілген стерильді таңбаланған қораптарға салынады. Қателікке жол берілмейді, әр пациент өзіне тағайындалған дәрі-дәрмекпен және белгілі бір дозада емделеді. Сайып келгенде, науқастар сапалы ем алады, ал, емдеу мекемесі қаржыны үнемдейді, – деп түсіндірді Нұрлан Жаров.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика