spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысының кеңесшісі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев облыс орталығы – Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің белсенді жастарымен, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған мәселелер бойынша пікір алмасты, ақмолалықтардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Нұржанұлымен облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова бірге жүріп, кездесулерді жүргізді. «Болашақ сарайында» өткен өңіріміздің белсенді жастарымен кездесуінде Президент кеңесшісі оларды Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген кейбір мәселелердің мән-маңызына бойлатып, ұлттық құндылықтарды қадірлеу, озық ойлы ұлтқа айналудың басты жолдары тәрізді жағдайларға кеңінен тоқталды. Соның ішінде жастарға адал адам болып, адал еңбек етіп, адал табыс табу үшін білім іздеуден тайынбау қажеттігін, жершілдік, рушылдықтан аулақ жүруді, әлеуметтік желілерден гөрі ресми газет-журналдарға сүйену, кітап оқуға ден қою, өзіміздің әдебиетшілерімізді құрметтеу, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеу тәрізді жайлардың маңызын түсіндірді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясының да ұйымдастырылудағы  мәнін ашып берді.

–Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы патриоттық және рухани бағыттардың маңыздылығын айтып берді, жалпыұлттық құндылықтарға кеңінен тоқталды. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан біз өткеннен сабақ алып, оны жандандырып, бүгінімізді жаңғыртуымыз керек, –деді Мәлік Отарбаев кездесуде. –«Туған жерге туың тік» дейді халқымыз. Өте мағыналы өсиет. Жас ұрпақ бұл сөздің мән-мағынасына терең бойлауы қажет. Қазақстан – барша азаматымыздың ортақ Отаны, қастерлі мекені. Оның қай түкпірі де – біздің туған жеріміз. Жастар еліміздің барлық аймағын бірдей жақсы көріп, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал».

Ал, «Қоғамдық келісім» мекемесіндегі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілдерімен кездесуінде Мәлік Нұржанұлы мемлекеттік тілді қазақстандықтардың әрқайсысы азаматтық парызымыз деп шын ниетпен үйреніп, осындай кездесулерді қазақ тілінде өткізулері қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, су тасқыны кезіндегі ассамблея мүшелері де бірілігі мен ынтымағы жарасып, халықтың діні мен ұлтына қарамастан, барлық қолдан келген көмектерін бергендері үшін алғысын білдірді, келесі құрылтайдың Көкшетауда өтетінің тарихи маңызына тоқталды.

Ақмола облысындағы «Вайнах» ингуш-шешен этномәдени орталығының төрағасы Герихан Яндиев жастармен жүргізілетін идеологиялық жұмысқа ерекше назар аудару қажеттігін айтып, «Достық үйінде» түрлі этнос жастарын біріктіретін қосымша орталық ашуға ұсыныс білдірді.

–Мен Қазақстан халқыАссамблеясыныңмүшелерінебизнес-гранттардыбөлужөніндегімемлекеттіккомиссиялардыңқұрамынакірудінемесебіздежастардыңбизнес-идеяларыменжұмысжөніндегіорталыққұруды көптен бері ұсыныпкелемін. Жастар мемлекеттік қолдаутуралыкөбірекбілулері керек. Сондай-ақ «Достықүйлерінде»IT-сыныптардыашудыұсынамын,өйткенібұлжастардықызықтырады.Мұндадөңгелекүстелдердіұйымдастырып қана қоймай, жастардыңдамуына да жағдай жасалуы керек,–дедіМәлікОтарбаев.

Бұдан әрі Мемлекет басшысының кеңесшісі зиялы қауым өкілдерімен де кездесіп, Құрылтай туралы кеңінен әңгімелесті. Қазақстан Жазушылар Одағының Ақмола облысындағы ресми өкілі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, әдебиетші, ақын-жазушы, қаламгер Ерболат Баятұлы бұл кездесуде сөз сөйлеп, қазіргі қоғамда болып жатқан бірқатар келеңсіз жағдайларға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын Президентке жеткізуін өтінді.

–Қазіргі елімізде дәстүрлі, рухани, тарихи сабақтастық деген ұғымдар мүлде үзіліп кетті. Ұлттың болашағы – ұлттық құндылықтарда екендігін ұмытпауымыз керек. Біздің ұлттық құндылықтарымызды мансұқтайтын, мазақ ететін, оны басқа жақтан іздейтін немесе оның тамырына балта шауып, ұлттық құндылықтардан болашақ ұрпақты мүлде ада қылатындай әрекеттер жасайтын сырттан келген күштер пайда болды. Ол дін саласында да, мәдениетте де, мультимедия саласында толып кетті. Сондықтан, ұлттық құндылықтарды қорғайтын заң керек. Әркім өзінің білгенін істеп, ата-бабадан қалған асыл құндылықтарды аяққа таптап, ертеңгі ұрпағымыздан тартып алайын деп отыр. Президентке осыны айта барсаңыз. –дей келе ол Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдық тойына орай қазақ руханиятының алтын көпіріне қоғамдық ұйым дейгейінде қамқорлық жасалса деген ұсынысын жеткізді. Өз қазағымыздың арасында берекесі мен бірлігі мығым болсын деген тілегін жеткізді. Сол секілді қоғамдық кеңестің төрағасы Ермек Нұғыманов ағамыз да елді мекендердің тарихи атауларын қайтаруға қатысты мәселе туындағанда жергілікті жердің тұрғындарының келісімінсіз тарихи атауын қайтаруды заңдастыру, кейбір әкімшілік территориялардың жабылып қалуына қатысты заңдардағы шикіліктерді қалыпқа келтіру мәселелерін көтерсе,  Суретшілер Одағының мүшесі Дужан Мағзұмов та шығармашылық адамдарына, әсіресе бейнелеу өнеріне қолдау көрсету жағына көңіл бөлуді сұрады.

Мемлекет басшысының кеңесшісі осы мәселелерге қатысты өзінің ойы мен саяси идеологияның кейбір тұстарын алға тартып, әрбір тілек-өтінішті Ел басшысына жеткізетіндігін айтты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img