spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Антына адал ұрпақтың еншісі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ауған Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Соған орай, облыстық «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Дуанбай Қазыбайұлы Ыбыраймен кездесіп, сұхбаттасып оралдық.

Төрағаның айтуынша, соғысқа қатысқан отандастарымыздың қатарында 1113 ақмолалық жерлесіміз болған. Олардың 65-і қаза тауып, жоғалған 3 азаматымыздың бірі Алексей Зуевтың мүрдесі табылып, 2012 жылы Бурабай ауданы Щучинск қаласына жерленген.

– Мен 2013 жылы, ардаргерлер Кеңесіне төраға болып сайланғанда өңірде 915 Ауған соғысына қатысушы болған. Бүгінгі таңда қалған 724 ардаргердің 171-і Көкшетау қаласының тұрғыны. Жыл сайын азайып, қатарымыз сиреп барады, – дейді ол. – Қазіргі уақытта Ауған соғысына қатысушылардың күн тәртібіндегі мәселесі кезексіз пәтермен қамтамасыз етілуі болып отыр. Осы кезге дейін небары алпысқа жуық адамға үй берілген. Оған қоса, соғыстың салдарынан мүгедек, ауру-сырқау болған азаматтарға емделуі үшін медициналық көмекте назардан тыс қалмауы тиіс. Білетініміздей, соғысқа қатысушылардың арасында зейнетке шықпағандары, әйелімен ажырасып, жалғыз тұрып жатқандар да бар. Коммуналдық төлем ретінде берілетін 20 мың теңгелік жәрдемақымен жансақтап отырғандарды да табуға болады. Бұндағы тағы бір себеп, Үкіметтен пәлендей қолдау болмаған соң, көп жұмыс берушілер Ауған соғысына қатысқандарды жұмысқа алудан бастартады.«Осы мәселелерге байланысты, облыстық мәслихат депутаты ретінде сұраулар жүргізіп, шешімін табу және Ауған соғысына қатысқандардың мәртебесін көтеру – басты назардағы жұмысымыз. Бұл жұмыстарға аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары да бірлесіп ат салысып отыр. Адамзат баласын аз қырмаған Ұлы Отан соғысынан кейінгі ірі қарулы қақтығыс, бұл – Ауған соғысы. Онда сол кездегі Кеңес әскерінің 15 мың сарбазы ерлікпен қаза тапты. Ал, 53 мыңы жарақат алды. Сондай-ақ, 1 миллионнан астам ауғандық сарбаз мәңгіге жер жастанды. Бейбітшілік жолында қазақ әскері де көзсіз батырлығымен көзге түсіп, біразы өзге елде өжеттілікпен өмірлерін қиды… Бұл, тылсым тарих кітабының қан тамған қызыл парақтары. Қалай болғанда да, жарқын болашақ үшін жан берген бабалар ерлігі, бүгінде ұрпақ жадында ұмытылмауы тиіс. Сондықтан амал жоқ, халық жүрегіне Ауған соғысы салған ауыр жараның ауызын ашуға тура келеді бүгін.Ауған жерінен басымызды тік ұстап, еңсемізді көтеріп шықтық. Бізде мұсылманбыз, оларда мұсылман халық. Сондықтан, барынша көмектесіп, бұзылған мешіт, мектеп тағы басқа орындарды жөндедік, жұмыс істедік. Ауру-сырқау жандарға да жәрдемдестік, – дей келе Дуанбай Ыбырайұлы 45 адамның өмірін жалмаған Құндыздағыалғашқы қақтығысты есіне алды. Ойлап қарасақ, кешегі күні жақындарының көз алдында жүрген ерлеріміз осындай оқиғалардың бірнешеуін көрді, тіпті, қайта оралмауларының мүмкін екенін де білді. Олардың ең жасы 19-20-ға енді толғандар еді.

– Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы Ауған соғысы ардагерлеріне мемлекет тарапынан қолдау да болмады. Тек соңғы жылдары сең қозғалып, берілуге тиіс барлық жеңілдік қайта қаралды. Қазіргі таңда Үкімет, облыс басшылығы тарапынан ардагерлерге жете көңіл бөлініп, жеңілдіктер мен зейнетақылар тағайындалуда. Және де, алдағы уақыттарда Ауған соғысының 35 жылдығына орай, Мемлекет тарапынан, сондай-ақ, облыс әкімдігі, ішкі саясат басқармаларының қолдауымен бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Онда, ақпан айының аяғына дейін әр ардагерге 50 АЕК мөлшерінде сыйақы берілумен бірге, курорттық емгебарған жағдайда 30 АЕК төленеді. Оған қоса, 15 ақпанда облыстағы барлық ардагерлерге 35жылдыққа мерекелік медаль тапсыру және Көкшетау қаласында Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге орнатылып,жаңартылған ескерткіштің ашылу салтанаты мен қаза болғандарды еске алу рәсімі өтеді. Әрі қарай осы тұрғыдағы маңызды жұмыстардың қатарында бұған дейін екі томы жарық көрген жазушы-публицист Әлия Ахетованың «На той войне незнаменитой» кітабының үшінші томын басып шығару жұмысытұр. Аталған үш томдық еңбекте онжылдық Ауған соғысында ерлік көрсеткен отандастарымыз туралы мол деректер қамтылған. Биыл бізде облыс әкімінің жүлдесі үшін ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан жетінші республикалық турнир өтеді. Бұл үлкен оқиға. Көкшетауға барлық облыстардан ардагерлер келеді. Оны шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өткіземіз деп отырмыз. Әр ай сайын ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесулер өткізу, халыққа олардың ерліктерін насихаттау, патриоттық тәрбие мақсатында студент жастар менмектеп оқушыларымен конференциялар, кездесулер, спорт сайыстарын өткізу көзделген. Бұл шаралар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен елді мекендерде де ұйымдастырылатын болады.

1989 жылдың 15 ақпанында Амударияның үстіндегі Достық көпірі арқылы Ауғанстан жерін соңғы кеңес әскері жүріп өтті. Осы қантөгісті оқиғаның тәжіри­бе­сі әр мемлекет пен халыққа өзде­рінің ішкі істерін өз ха­лық­­тарының пайдасы мен игі­лік­тері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды.Отандастарымыздың 1000-ға жуығы қаза болып, 18-і әлі күнге дейін із-түссіз кеткен, 110 айға созылған Ауған соғысы ұмытылмайтын тарих, естен шығармайтын ерлеріміздің ерлігі. Сол қатерлі жылдары жанын шүберекке түйіп, Отан алдындағы борыштан жалтармай, оны ар-ожданы қалай бұйырса, солай адал атқарған майдангерлер әліде арамызда. Бар өкініштісі, елімізді зұлым жаудан аман алып қалған кешегі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінен де ешкім қалмауға таяп қалған сияқты, олардың саны да жыл санап азайып келеді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img