spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысының бірегейлігін көрсететін жобалар талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз



Өңір басшысы Марат Ахметжановпен кездесуде ұлттық бірегейлікті құру және нығайту, тарихи зерттеулер жүргізу және тұтастай алғанда мәдениет саласын дамыту туралы шығармашылық зиялы қауым өкілдері талқылады.
Іс-шара облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті.

Облыс әкімі өзінің кіріспе сөзінде мәдениеттің маңыздылығын елдің ұлттық кодының көрінісі ретінде атап өтті.

 «Біз халықтың дамуы мен өркендеуіне бағытталған бірқатар әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асырып жатырмыз. Сонымен қатар, біз мәдениет пен экономиканың интеграциясын құруымыз керек. Ақмола жері тарихи-мәдени мұраға бай және көптеген көрнекті тұлғалардың Отаны болып табылады. Атақты ақмолалық Батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың ғасырлық мерейтойларын Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында атап өтті», – деді М. Ахметжанов.

Кездесу мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың сөзімен жалғасты.

 «Атаулы күндерге, оның ішінде атақты ақын және композитор Біржан-салдың 190 жылдығына ерекше көңіл бөлінеді. Осы іс-шаралар аясында Ақкөл және Целиноград аудандарына мұражай қызметкерлері үшін ғылыми жобалар конкурсын, ғылыми-зерттеу экспедицияларын өткізу, республикалық ғылыми конференция мен мушайра ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жошы хан ұлысының 800 жылдығын мерекелеу аясында сақ кезеңінің ескерткіштерін зерделеу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады», – айтты А.Сәбитова.

Іс-шара барысында ономастика саласында жұмыстар жүргізу туралы және ұсыныстармен тарих ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жамбыл Артықпаев бөлісті. Ақын Мерген Тоқсанбай қазіргі ақмолалық музыканттардың орындауында халық әндерінің антологиясын жасау туралы ұсыныс жасады. Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Данияр Дүйсенбай облыс аумағындағы геоглифтер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Өңірдегі Жошы хан ұлысының ескерткіштерін іздеу және зерттеу туралы докторант және археолог, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Данияр Тілеуғабылов баяндады. Басқа ғалымдар мен зерттеушілер сөз сөйледі.

«Біз ата-бабаларымыз қалдырған мұраны сақтауымыз керек. Өңірге облыстың имиджі үшін жұмыс істейтін және біздің қоғамды біріктіретін жобалар қажет. Нәтижелі бірлескен жұмыс барлық батыл жоспарларды жүзеге асыруға көмектеседі», – деп атап өтті облыс әкімі өңір мәдениет және зиялы қауым қайраткерлеріне өз жұмыстары үшін алғысын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img